Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдерді зейнетақымен қамсыздандыру жобасының тетіктері қайта қаралады

Әйелдерді зейнетақымен қамсыздандыру жобасының тетіктері қайта қаралады

Қазақстандық әйелдерге арналған «Күміс жас» зейнетақы жобасының тетіктері қайта қаралып жатыр, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

«Біз зейнет жасындағы әйелдерді барынша көп жұмыспен қамту мақсатында «Күміс жас» жобасының тетіктерін қарастырып жатырмыз. Атап айтқанда, жобаға қатысу мерзімін үш жылға дейін ұлғайтып, әйелдерді жұмыспен қамтудың арнайы бағыттарын қарастырып, олардың жалақысын бюджеттен ішінара субсидиялауды көздеп отырмыз. Бұл олардың зейнетке шыққанға дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барынша белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, еңбек өтілі аз, тиісінше, БЖЗҚ-да елеусіз жинақтары бар әйелдер үшін өте маңызды» деді министр Дүйсенова зейнет жасын төмендету әйелдер қозғалысының белсенділерімен кездесу барысында.

Сондай-ақ, базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде параметрлерді өзгерту жоспарланып отырғаны белгілі болды. Министрдің айтуынша, бұл келесі жылдан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің көлемін арттырады.
«Оң әсерді қазіргі зейнеткерлер де, болашақта зейнетке шығатындар да сезінеді» деп қосты Дүйсенова.
08 шілде 2022 ж. 371 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031