Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы да аз болады – Министр

Зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы да аз болады – Министр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жалпы зейнетақы жүйесі туралы айтылған кезде сіздер бір нәрсені білгеніңіз жөн. Біз 1998 жылы зейнетақы жүйесін реформаладық. Сол реформаға сәйкес, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтар ғана мемлекеттен еңбек зейнетақысын алады, содан кейін оған қосымша базалық зейнетақы төленеді. Ал егер біз зейнет жасын төмендететін болсақ, онсыз да еңбек өтілі төмендеп келе жатыр, зейнетақы да өте төмен болады", - деді Тамара Дүйсенова Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.

Министр азаматтардың зейнетке ерте шығу мүмкіндігі де бар екенін еске салды.
"Сондықтан азаматтар 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақыға өз уақытында қосылып отырса, жарнасы дұрыс болса, 63 емес, тіпті 50 жасында зейнетке шығып кетуге мүмкіндігі бар деп заңда жазылып қойған. Сондықтан да азаматтардың ең негізгі жұмысы – зейнетақы жүйесіне уақытында қосылып, уақытында жарнасын төлеп отырса, зейнетке ерте шығуға толық мүмкіндігі бар. Бұл әйелдер ғана емес, ер адамдарға да қатысты", – деді Еңбек министрі.
26 мамыр 2022 ж. 567 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930