Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абырой биігіндегі азамат

Абырой биігіндегі азамат

Бүгінде туған жердің түрленіп, даму жолында тынбай еңбек еткен тұлғаларды көкке көтеріп, оларға «құрметті азамат» атағын беру үрдіске айналған. Жуырда дәстүрге айналған шара аясында аудан экономикасының өсіп-өркендеуіне елеулі еңбегі сіңген Нағашыбай Сахитжанов та осы атаққа лайық деп табылды.
Арнайы марапатты аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы салтанатты түрде табыстап, Нағашыбай Сахитжановтың ауылшаруашылығы саласындағы білігі мен бағындырған биігіне тоқталып, ерекше еңбегіне ризашылығын білдірді.
– Төл перзенттеріміздің туған топырағы үшін жасаған қалтқысыз еңбегі келешекке өнеге. Сіздер секілді үлгі болар тұлғалы азаматтарымыз бар да кейінгі толқын өз жолынан жаңылмайды деп анық айта аламын, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков те марапат иесіне жылы лебіздерін білдірді. Жиын барысында құрмет иесі Нағашыбай Сахитжанов жиналған қауымға алғысын айтып, жүрекжарды алғысын жеткізді.
Айта кетейік, абырой биігінен көрінген ардагер алғаш еңбек жолын ауданға қарасты Партияның ХХІІ съезі атындағы совхозда машина-трактор сақтау алаңының меңгерушісі болып бастаған. Кейін совхоздың шеберхана меңгерушісі, «Өркендеу» күріш совхозына инженер-механик, асыл тұқымды ақ қой совхозында директор, Өркендеу ауылдық советі атқару комитетінің,сондай-ақ халық депутаттары Өркендеу ауылдық советінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Сонымен бірге Өркендеу ауылының әкімі, Өркендеу шаруа қожалығының басқарушысы, аудандық көші-қон демография бөлімінің меңгерушісі болып еселі еңбек етті. Кейін Өркендеу ауылдық округінің әкімі болып, 2010 жылы аталмыш қызметтен зейнеткерлікке шыққан.
Еңбегі үшін ҚР Конституциясының 10 жылдығы төсбелгісімен, Ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығы және ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған.
Арайлым ЖҮСІПОВА
25 сәуір 2023 ж. 379 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930