Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абырой биігіндегі азамат

Абырой биігіндегі азамат

Бұл күнде ауылшаруашылығы саласының ардагері Берік Бисембаевтың есімі аудан жұртшылығына етене таныс. Еңбек жолын қатардағы зоотехник болып бастаған ол түрлі қызметтің қазанында қайнап, көрігінде шыңдалған. Әр жылдары Арықбалық, Ғани Мұратбаев ауылдық округінде әкім, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы секілді жауапты қызметті абыроймен атқара білді. Әсіресе, Ғани Мұратбаев ауылының өсіп-өркендеуіне, «Тіректі ауыл» атануына өлшеусіз үлес қосты.

Осы ретте елеулі еңбегі ескеріліп, жуырда Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйінде «Ел құрметі – абырой биігі» атты тақырыпта Қазалы ауданының Құрметті азаматы, ауылшаруашылығы саласының ардагері Берік Әбиұлымен кездесу өтті. Шара басталмас бұрын клуб фойесіне оның өмір жолынан, жеткен жетістіктері мен жасаған істері жайында сыр шертетін көрме қойылды.
Мұнан соң Жанқожа батыр ауылдық клубының жанынан құрылған «Халық театрының» өнерпаздары Берік Бисембаев басшылық жасаған тұстағы ауыл өмірінен сыр шертетін сахналық көрініс қойды.

Келесі кезекте аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап құттықтап, шапан жауып, «Ерен еңбегі үшін» төс белгісін тақты.
– Қай заманда болмасын әрбір азаматтың халық алдында атақ-абыройының артып, бедел-құрметінің өсуіне ел үшін атқарған қызметі ықпал ететіні анық. Адал еңбек, төккен терінің арқасында Берік ағамыз қажырлы қайратымен, жайсаң мінезімен танылып келеді. Ауылы аралас, қойы қоралас көршілес Арал ауданында дүниеге келіп, қызмет жолының басым бөлігін Қазалы ауданында өткізіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосты. Соңғы жылдары жасыл-желегі жайқалған, талай ұлы тұлғаларды өмірге әкелген осы ауылда елеулі қызмет атқарды. Еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Көп жыл аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, аудандық кеңес депутаты болды. Түрлі медальдармен марапатталды. Десек те ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп, биік мақсатқа күш-қайратын жұмсаған азаматтарды әлі де естен шығармаймыз. Өйткені өткенін бағалай білу өнегелі ұрпақтың ісі, елдіктің белгісі, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Сонымен бірге кездесу кешіне сала басшылары, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мінәжадин Өтеев секілді азаматтар қатысып, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ Қасқырбай Әлімбай бастаған аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, ардагерлер, ауыл тұрғындары қатысты.

Кеш барысында Берік ағамыздың еңбек еткен жылдарындағы естеліктер айтылып, қойылым көрсетіліп, ауылдық мекеме қызметкерлерінен құралған «Ару Ана», «Асыл Аналар» ансамбльдері ән айтып, би үйірмесінің оқушылары «Қара жорға» биін билеп көрермен көңілін көтерді.
Есет ТАБЫНБАЕВ
24 желтоқсан 2019 ж. 1 444 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930