Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қариясын сыйлаған елде қасиет бар

Қариясын сыйлаған елде қасиет бар

Қазалыда 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ардагерлерге де құрмет көрсетілді. Аудандық ардагерлер үйіне жиналған ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарды аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге. Аузы дуалы, аталы сөз айтатын баталы қарияларды, өз қадірін білетін, көреген, адал, ақ жаулықты әжені ерекше қадір тұтқан елміз.
Қарияларды қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең озығы, ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұра. Осыған орай бүгін өздеріңізбен жүздесіп, Алғыс айту күні мерекесімен құттықтауды жөн көріп отырмыз. Дегенмен Сіздерге әр күн сайын алғыс айтып отырса да жарасады. Сондықтан да баршамызды бір-бірімізге күнделікті жақсы сөз айтып отыруға шақырамын, – деді Күнтілес Айдарбекұлы.

Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбановқа аудан әкімінің «Құттықтауын» табыстап, ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері үшін алғысын айтты.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

02 наурыз 2021 ж. 2 916 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 151

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 153

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031