Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек майталманына құрмет

Еңбек майталманына құрмет

Сейсенбіде аудан әкімі Мұрат ­Ергешбаев еңбек ардагері, үш рет Социалистік жарыстың жеңімпазы атанған Нағашыбай Мақсатбаевты қабылдап, 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Сонымен қатар аудан басшысы Нағашыбай Мақсатбаевқа ауданның әлеуметтік-экономикалық ­дамуына қосқан үлесі үшін Қазалы ауданының «Құрмет грамотасын» тапсырды.
Аранды ауылында дүниеге келген Нағашыбай Мақсатбаев ерте жастан еңбекке араласқан. Небәрі 13 жасында қайықпен ау салып, балық аулаған. Қазалы қаласындағы авто жүргізушілер даярлайтын мектепте білім алған соң 30 жыл табан аудармастан Қазалы балық зауытында еңбек етті. Еліміз тәуелсіздік алған соң «Мақсатбай» шаруа қожалығын құрып, балық шаруашылығымен айналысты.
Лақалы ауылындағы Мақсатбаевтарды да көпшілік бақыт қонған әулет деп есептейді. Қазіргі таңда Нағашыбай ағамыздың ұл-қыздары өсіп-өніп, бір рулы елге айналған. №93 мектептің әр сыныбында Мақсатбаевтардың қарадомалақтарын кездестіруге болады.
Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков та мерейтой иесін құттықтап, естелік әңгімелер айтты.

«Қазалы» ақпарат
05 желтоқсан 2020 ж. 1 857 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 49

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930