Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ: нәтиже уақыт еншісінде

ҰБТ: нәтиже уақыт еншісінде

Облыста оқу жылының басынан мектеп бітірушілерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Оның бір көрінісі – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тегін сынама тестілеуден өтуге жергілікті бюджеттерден 18,2 млн теңге қаржы қаралып, қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, облыс көлемінде орналасқан жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлерде тестілеуге қатысушылардың 94%-і арнайы дайындықтан өткізілді. Бүгінгі таңда облыстағы 9 тестілеу пункттері Ереже талаптарына сәйкес, қажетті құралдармен толық жабдықталған. ҰБТ өткізуге дайын. Әйтсе де, шешуші сынақтың жай-жапсарын жете түсінуде жұрт нені білуі тиіс. Осы орайда облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебековамен сұхбаттасқан едік.
– Майра Тұрғанбайқызы, білуімізше, мектеп бітірушілердің бірқатарын екі сынақ күтіп тұр. Осы орайда қорытынды аттестаттау мен ҰБТ жөнінде айтсаңыз...
– Қорытынды аттестаттау дегеніміз, бұл – орта білім туралы аттестат алу үшін жалпы мектеп бітірушілер тапсыратын емтихан. Ал ҰБТ-ны жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген талапкерлер тапсырады. Сонымен қатар, қорытынды аттестаттау барлық мектептерде өтеді. ҰБТ жылдағыдай облыс аумағындағы 9 Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктінде өткізіледі. Нақтырақ айтсақ, ҰБТ тапсырып, қажетті балл жинаған түлектер мемлекеттен бөлінген гранттарды иеленіп, қалаған жоғары оқу орнына түседі. Бұл шешуші сынақ 20 маусым мен 1 шілде аралығына белгіленген.
– Қорытынды аттестаттау қай уақытта, оған қанша оқушы қатысады?
– Қорытынды аттестаттау 9-сыныптар үшін 28 мамыр – 8 маусым аралығында, 11 сыныптар үшін 29 мамыр – 8 маусым аралығында өтеді. Облыс бойынша негізгі мектепті 11135 оқушы бітіретін болса, олардың 113-і денсаулығына байланысты босатылған, 4-і спорттық жарыстарға қатысады. Ал орта мектепті бітіретін 7113 оқушының 42-сі денсаулығына байланысты емтиханнан босатылып отыр.
– Бұл аттестаттауда мектеп бітірушілер қай пәндерден сынақ тапсыратын болады?
– Қорытынды аттестаттау бойынша 5 пәннен емтихан тапсырады.
Оның 4-і міндетті ана тілі, екінші тіл (орыс мектебі қазақ тілінен, қазақ мектебі орыс тілінен тапсырады), алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы және 1 таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі) бойынша тапсырады.
– Егер бітіруші емтихан қорытындысымен келіспеген жағдайда не істейді?
– Ондай жағдайда емтихан қорытындысы жарияланғаннан бастап келесі күні 13:00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдеріне немесе облыстық білім басқармасына хабарласуы қажет.
Ал қорытынды аттестаттаудан өте алмаған оқушыларға мынадай мүмкіндіктер бар:
1. Емтиханнан 1 немесе 2 пәннен төмен баға алған 9-11 сынып оқушылары сол пәндерден емтиханды қайта тапсыруына болады.
2. Қорытынды аттестаттау кезінде 9-сынып оқушысы 3 сабақтан төмен баға алған болса, онда сол сыныпта келесі жылға оқуға қалдырылады.
3. Ал аталған емтиханнан 11-сынып оқушысы 3 немесе одан көп сабақтан төмен баға алған жағдайда аяқталмаған орта білім алғаны жөнінде анықтама беріледі. Бұл жағдайда олар келесі жылы облыстық білім басқармасының келісімімен, аудандық білім бөлімдері белгілеген уақытта қорытынды аттестаттаудан қайта өтеді.
– Ұлттық бірыңғай тестілеуге қанша оқушы қатысады? Сондай-ақ, биылғы ҰБТ-ның шарттары қандай?
– Ұлттық бірыңғай тестілеуге облыс бойынша 7113 мектеп бітіруші түлектің 4821-і, яғни 67,8%-і қатысады деп күтілуде. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша талапкерге 5 пәннен 140 балды құрайтын 120 сұрақ беріледі. Оның 3-і міндетті (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, тарих) және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда 2018 жылғы тамыз айында және 2019 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50-ді құрайды.
– Негізгі және бейінді пән дегенді қалай түсінеміз?
– Негізгі пән дегеніміз – математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы. Ал екі бейінді пән, ол – бітіруші түлек, яғни абитуренттің қалаған ЖОО-ға түсуіне сәйкес таңдалған пәні. Айталық, егер абитуриент техникалық мамандықты таңдаса, ол физика және математика пәнінен, егер медициналық мамандықты таңдаса, ол биология және химия пәнінен емтихан тапсырады.
– Биылғы жылы қанша «Алтын белгі» үміткері бар?
– Бітіруші түлектердің 343-і «Алтын белгіге», 227-сі «Үздік аттестатқа» үміткер. Олардың білімдері қорытынды аттестаттау нәтижесімен бағаланып, мектеп қабырғасында марапатталады. Ал жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын болады. Айта кетейік, өткен жылы «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 397, «Үздік аттестатқа» үміткерлер 208 болатын. Байқап отырғанымыздай, өткен жылмен салыстырғанда, биыл «Алтын белгіге» үміткерлер қатары азайған, есесіне «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны артқан.
– Жоғары оқу орнына түскен жағдайда «Алтын белгі» иегері мен қатардағы мектеп бітіруші бірдей балл жинаса немесе қатардағы бітіруші түлек «Алтын белгі» иегерінен жоғары балл жинаған жағдайда олардың қайсысына басымдық беріледі? Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік грантты қайсысы иеленеді?
– Егер «Алтын белгі» иегері мен қатардағы бітіруші бірдей балл жинаған болса, мемлекеттік грантты «Алтын белгі» иегері иеленеді. Ал егер қатардағы бітіруші «Алтын белгі» иегерінен жоғары балл жинаса, онда мемлекеттік грантты сол, яғни, жоғары балл иесі жеңіп алады.
– Жоғары оқу орындарына және Ұлттық ЖОО-ға түсуге төменгі балл қанша?
– Жоғары оқу орнына түсуге төменгі балл – 50, ал Ұлттық ЖОО-ға түсу үшін төменгі балл – 65.
– Емтихан тапсыратын түлектер арасында ерекше қамқорлықты қажет ететін, яғни, үйден оқытылатын қанша оқушы бар? Олар емтиханды қалай тапсырады?
– Облыс бойынша осы санаттағы оқушылар 9-сыныпта 230, ал 11- сыныпта 87. Оның ішінде үйден оқытылатын оқушы – 150. Бұл оқушылардың барлығы денсаулығына байланысты емтихандардан босатылған.
– Егер бітіруші түлек шекті балды ала алмаған жағдайда ҰБТ сынағын қайта тапсырып, ақысыз ЖОО-ға түсуіне мүмкіндігі бар ма?
– Жоқ. Оған ешқандай мүмкіндік жоқ. Егер бітіруші түлек 50 балды жинай алмаса, ол ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсырып, ақылы негіздегі жоғары оқу орнына түсе алады. Ал ақылы негіздегі ҰБТ 2018 жылдың тамыз айында және 2019 жылдың қаңтар айында өтеді деп жоспарланып отыр.
– ҰБТ кезінде республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба?
– Жоқ. Биылғы жылдан бастап оларға ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Олар да жалпы бітірушілермен бірдей ҰБТ тапсырады.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Соңғы жылдары аймақ түлектері республика бойынша алдыңғы бестіктен көрінген болатын. Биылғы жылы да түлектеріміздің алар асуы биік болсын!
Сұхбаттасқан:
Ғазиза ӘБІЛДА,
syrboyi.kz
27 мамыр 2018 ж. 1 785 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930