Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ға дайындық: Оқушылар үшін арнайы сайт жасалды

ҰБТ-ға дайындық: Оқушылар үшін арнайы сайт жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушыларына ҰБТ-ға дайындалуға мүмкіндік беретін ontest.kz бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Түлектерге ҰБТ тапсыру күнін ауыстыруға рұқсат етілді
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов білім саласының басты жаңалығы – Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған http://ontest.kz бағдарламасын таныстырды. Мектеп оқушылары сынаққа дайындалу үшін онлайн режимде аталған сайтқа кіріп, білім деңгейін біле алады.
Оқушы жүйеде жұмыс істеу үшін аты-жөнін, электронды поштасын, жасырын сөзді, ауданын, өзі оқитын мектебін енгізіп тіркелуі керек. Сынақ тапсырушы тестілеу қорытындысын сол мезетте біле алады. Сонымен қатар, онда оқушының жеке кабинетінде қашан және қанша рет тестен өткені туралы мәліметтер болады.
"Бұған қоса, оқушы қай сұрақтарға дұрыс жауап бермегені туралы мәліметті көріп, қатемен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Шәкірттер үшін тестілеу тегін және мобильді құрылғы арқылы да пайдалана алады. Республикада алғаш рет қолға алынып отырған жүйе ақысыз жұмыс істейді", — деді Сағындықов.
Айта кетейік, осы бағдарлама арқылы білім басқармасы облыстың кез-келген мектебінде қанша оқушы дайындық сынағын тапсырғанын, оның пәндер бойынша орта баллын, мектептің, ауданның орта балын көруге мүмкіндік алады.
ҰБТ орнына қабылдау емтихандары өткізілуі мүмкін
Сондай-ақ, Сағындықов 1 қаңтардан бастап ұстаздардың жалақысы 30 пайызға артқанын мәлімдеді. Білім саласындағы жаңартылған бағдарлама аясында орын алып отырған жаңалық әзірге 1,2,5,7 сынып оқытушыларына ғана қатысты. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен барлық сынып мұғалімдерінің еңбекақысы жоғарылайтын болады.
"Ауыл мұғалімдерінің жалақысына санатына қарай орташа есеппен 21 мың мен 30 мың теңге төңірегінде ақша қосылады. Ал, қалалық мектеп мұғалімдеріне орта есеппен 17 мың мен 24 мың теңге аралығында қосымша еңбекақы төленеді", – деді Исатай Өмірзақұлы.
Оның айтуынша, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 3,6,8 сыныптар, 2019 жылы 0,4,9,10 сыныптар, 2020 жылы 11 сынып ұстаздарының жалақысы 30 пайызға жоғарылайды.
22 ақпан 2018 ж. 1 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031