Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос спортшы құрмет төрінде

Қос спортшы құрмет төрінде

Аудан атын танытып, көк байрағымызды биікке желбірететін спортшылар тәрбиелеп шығаруда №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің еңбегі зор. Алдыңғысы грек-рим дейтін болсақ, одан соң ауыр атлетиканың даму қарқыны жақсы. Мұндағылар аз ғана уақыттың ішінде біршама жетістікке жетіп, көп назарын өзіне аударған. Ал нәзік жандылардың шыққан шыңы әлдеқайда биікте.
№17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің белді спортшылары – Таисия Алексеева мен Алтынай Тәңірбергенова Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында өнер көрсетіп, бірі күміс белгіні қанжығаласа, екіншісі бағын сынап, спорттық мансабында үлкен тәжірибе жинап қайтты.
Жарысты тәмамдап, ауданға оралған қос спортшыны сәрсенбіде жергілікті әкімдік қызметкерлері мен кент тұрғындары күтіп алды.
Бұған дейін де талай додада аудан, облыс, қала берді ел намысын абыроймен қорғап жүрген ауыр атлетші арулардың қоржыны жүлдеден кенде емес. Енді Таисия өзінің қоржынына Әлем біріншілігінен күміс жүлдені қосты.
Қазалылықтар бас қосқан жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп арнайы барып, спортшыларымызбен мақтанатынын айтты.
– Аудандағы спорт саласының деңгейі тым биікте. Оны мұндай дәрежеге жеткізген – Сіздер секілді спортшыларымыз. Тек жеңістің шыңынан көрініп, аудан халқын қуанышқа кенелте беріңіздер. Жеңісті күндеріміз көп болып, Қазалы спортшылары жасай берсін! – деді Ринад Ібайдуллаұлы.
Әрдайым бірін-бірі қолдап жүретін қасиетті Қазалының жұрты зілтемірші қос спортшыға 250 мың теңгеден сыйақы, гүл шоқтарын табыс етті. Одан бөлек, спортшылардың бапкері Азиз Жақсылыққа №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің бір топ жаттықтырушылары шапан жауып, әрбір мықты спортшының артында білікті бапкер тұрғанын тілге тиек етті.
Одан әрі ел мәртебесін, көк туымызды көкке көтеріп, желбіреткен Таисияны туған топырағы, Басықара ауылының тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алып, ақсақалдар ақ батасын берді.
– Ауылымыздан Таисиядай белді спортшы, зілтеміршінің шыққаны біз үшін мақтаныш. Алла қаласа, Илья Илин сынды ағаларының жолын берсін. Алда бағындырар жаңа белестерде сәттілік, мұқалмас жігер, жеңіс тілейміз. Ауданның, елдің абыройын асқатата берсін, – десті жиналған жұрт.
Серік АҚМЫРЗА
15 сәуір 2023 ж. 140 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 66

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 116

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 125

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 88

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031