Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар спортшы қыздарын күтіп алды

Қазалылықтар спортшы қыздарын күтіп алды

Қазалылықтар Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында өнер көрсеткен, оның ішінде жүлделі орыннан көрінген қайсар қыздары Таисия Алексеева мен Алтынай Тәңірбергенованы күтіп алды.
Бүгінге дейін талай додада аудан, облыс қала берді ел намысын абыроймен қорғап жүрген ауыр атлетші арулардың қоржыны жүлдеден кенде емес. Ал бұған Таисия Алексеева жуырда Албанияның Дуррес қаласында өткен Әлем біріншілігінен күміс жүлдені қосты. Ал Алтынай Тәңірбергеноваға сәттілік жетіспеді. Сонда да болса әлі талай шыңнан көрінетін қайсар қыз мұнымен жігері мұқалмайтынын айтады.
Қазалы халқы бас қосқан жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп арнайы барып, жерлестерімізбен мақтанатынын айтты.
«Аудандағы спорт саласының деңгейі тым биікте. Оны мұндай дәрежеге жеткізген Сіздер секілді спортшыларымыз. Тек жеңістің шыңынан көрініп, аудан халқын қуанышқа кенелте беріңіздер», - деді Ринад Ібайдуллаұлы.
Әрдайым бірін-бірі қолдап жүретін киелі жердің жұрты зілтемірші қыздардың әрқайсысына 250 мың теңге сыйақы мен гүл шоқтарын табыс етті. Одан бөлек, спортшылардың бапкері Азиз Жақсылыққа №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің бір топ жаттықтырушылары шапан жауып, әрбір мықты спортшының артында білікті бапкер тұрғанын жеткізді.
Мұнан ел мәртебесін көкке көтеріп, көк туымызды желбіреткен Таисияны өз ауылы, яғни Басықара халқы ыстық ықыласпен қарсы алды.

13 сәуір 2023 ж. 338 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 53

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 105

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 112

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 81

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 107

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031