Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар індеті өршіп тұр

Балалар індеті өршіп тұр

Желтоқсанда басталған тұмау балалар арасында өршіп тұр. Ауруханаларда келіп-түскен науқастың саны артуына байланысты қосымша төсек-орындар қойылуда.
«Қазіргі таңда әрбір 10-шы ересек тұмаумен ауырса, балалар арасында әр 3-шісі тұмаумен ауырады. Аурудың 80% жеңіл түрде өтеді. Бұл кезде тұмаудың алдын алуға мүмкіндік бар. Жоғары температура, бас ауруы, құрғақ жөтел, құсу, денесінің түсі ағарып және ентікпенің пайда болуы тұмаудың асқынғандығының белгілері. Бұл жағдай міндетті түрде дәрігерге қаралу керек», – деді Болтай Серікқызы.
Дәрігердің мәлімдеуінше, балалар арасында таралған індеттің І-ші кезеңі қыркүйек пен қазан айларында өткен. ІІ-ші кезеңі желтоқсан айының аяқ жағына таман басталған. Мәселен, өткен жылы жыл аяқталарда ауруханаға бір бала ғана түссе, биыл 35 науқас ем алуға мәжбүр болған.
Бүгінде Қазалы аудандық ауруханасының 20 орындық балалар бөлімінде 45 дертке шалдыққандар жіті қадағалануда. Оның 18-і соматикалық, 2-уі неврологиялық ауруларға есептелген. Әр бала айыққанына қарай 6-7 күн, ауыр жағдайда болса 10 күнге дейін медициналық көмек беріледі. Осы күні аурухана төсегіне күніне 5-6 бала таңылуда.
Бөлімше 2017 жылы салынған жаңа аурухананың ішінде орналасқан. Бөлімде 8 палата қарастырылған. Әр палатада жуынатын бөлме, әжетхана, шлюз орналасқан. Арнайы дәрігер, аға мейіркеш кабинеті, екі асхана қызмет етеді. Сондай-ақ санитарлық, шаруашылық, егу, ингаляциялық пен клизма жасайтын және тұрмыстық бөлмелер бар. Бөлімшеде I санатты және санатсыз екі дәрігерлермен қатар, 4 жоғары санатты, I санатты және санатсыз 5 мейірбике ем-дом жүргізеді. Сондай-ақ ас таратушы, шаруашылық, 7 кіші мейіркеш жұмыс істейді.
– Қазір 39-40 градус дене қызуымен келуде. Мұндайда температура көтерілгенде нәрестенің аяқ-қолы мұздайды. Кейбірінде дене құрысуы (судорга), құсу, іш өту, жөтел, сырылдау мен ентігу және бронханың ісінуі болады. Ал кенеттен ауруға шалдықпас үшін үй бөлмелерін желдетіп тұру керек. Себебі үйге келген адамдардың инфекциясы ауада тұрады. Баланы қай мезгіл болсын таза ауаға 5-10 минутқа шығарған жөн. Сырттан келгенде міндетті түрде қолды сабындап жуып, киім ауыстырып барып сәбиді қолға алу керек. Оның имунды жүйесін дәрумендермен көтерген абзал, – дейді Болтай Нұрмаханова.
Дәрігердің айтуынша, тұмау – өкпедегі тыныс алу жолдарын зақымдайтын өте жұқпалы вирустық инфекция. Ол жоғары температураны, дененің ауырсынуын, жөтелді және басқа белгілерді тудырады. Бұл қыс мезгіліндегі ең ауыр және жиі кездесетін вирустық аурулардың бірі. Балалардың көпшілігі тұмаумен бір аптадан аз уақыт бойы ауырады. Дегенмен кейбір балалардың ауруы асқынып, ауруханада емделу қажет болуы мүмкін. Тұмау сонымен қатар өкпе инфекциясын (пневмония) тудыруы мүмкін. Сондықтан да ата-ана да денсаулығына бейжай қарамауы тиіс.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
13 қаңтар 2023 ж. 338 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031