Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әр үшінші бала ауырып жатыр". Тұмаудың қауіпті белгілері қандай?

"Әр үшінші бала ауырып жатыр". Тұмаудың қауіпті белгілері қандай?

Дәрігердің айтуынша, қазір әр оныншы адам тұмаумен ауырып жатыр,Қазір тұмау, ЖРВИ өршіп тұр. Ересектер арасында әрбір оныншы адам, балалар арасында әрбір үшінші бала ауырып жатыр, деді "Астана медицина университеті" АҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.
Дәрігердің айтуынша, аурудың 80 пайызы жеңіл түрде өтеді.
"Бұған қарамастан бірінші күннен бастап баламен бірге ата-анасы үйде қалуы керек. Оны мектепке және тағы басқа жерлерге апармау қажет. Себебі ол балабақшада, мектепте ауруды басқаларға жұқтыруы немесе оны асқындырып алуы мүмкін", – дейді ол.
Сондай-ақ дәрігер тұмаудың қауіпті клиникалық белгілерін атады.
"Температура көтеріліп, түспесе, жөтел пайда болса, сондай-ақ құсу, бас ауруы, температура жоғары болса, бұл мидың зақымдануының белгісі болуы ықтимал. Сондықтан бұл жағдайда баланы дәрігерге көрсеткен жөн. Баланың дауысы өзгеріп, қарлығып кетсе, ентікпе болса, ол да қауіпті. Балаға неғұрлым ертерек көңіл бөлсеңіз, ол соғұрлым тез жазылады", – дейді маман.
09 қараша 2022 ж. 376 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930