Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағың жансын, жас дос!

Бағың жансын, жас дос!

Жастарды қолдау – жастар жылы аяқталса да толастамайды. Өскелең ұрпақты қолдау – оның тұлғасын, бойындағы озық қасиеттерді ашумен өрнектеледі. Жеткіншектердің осындай қабілетін тану үшін бәсекелестігі мығым сайыс ұйымдастырып, ойындағыны жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. Кеше ғана түпкі мақсаты осыны көздеген «Жаңа дәуір – жаңа Қазақстан» атты жастар фестивалі ашық деп жарияланды.
Е.Бозғұлов атындағы мектеп-лицейде өткен айтулы шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және қаржы факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Серікұлы мен университет мамандары қатысты. Мәртебелі меймандар қабілетті жастардың өзін көпшілікке танытуға қолұшын созуды мақсат етіп келгендерін бүкіпесіз айтып, сәттілік тіледі.
Салтанатты шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Бейбіткүл Сәрсемханқызының атына Қазалы ауданы әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Фестиваль аясында 200-ден астам қазалылық жас жаратылыстану мен бизнес жобаларында, интеллектуалдық және патриоттық әндер байқауында бақ сынауда.
Айта кету керек, ғылыми жобалар бағыты бойынша Меруерт Жұмабайға Қорқыт ата университетіне 4 жыл тегін оқу гранты табысталды. Ғылыми жоба жаратылыстану бағыты ғылыми техникалық прогресс-эканомикалық өсудің негізгі буыны, физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым секциялары негізінде сараланады. Сонымен қатар екінші орын иегері Томирис Кәдірмаханға универсиеттің оқу ақысына 50 проценттік және Бағдәулет Өтеміске 25 проценттік жеңілдік бұйырды.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
14 наурыз 2023 ж. 170 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031