Университет оқытушылары мен студенттері «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданды

Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1000-ға жуық студенті «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылданған. Ал өңіріміз бойынша 2500 адам партия қатарында.
Мерекелік шара соңында салтанатты түрде партия қатарына өткен жастардың атынан Б-16-3 тобының 2-курс студенті Айдана Әбиболлақызы сөз сөйлеп, алдағы уақытта ел игілігі үшін аянбай еңбек ететіндігін жеткізді. Сонымен қатар Ж-17-1 оқу тобының студенті Шернияз Жалғасбекұлы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевқа арнау оқып, көпшіліктің ілтипатына бөленді.