Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғылым мен білімді тел қолданған

Ғылым мен білімді тел қолданған

Аудандағы С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектебі 1988 жылы 1-қыркүйекте пайдалануға берілді. Мектеп 3 қабатты, 1176 орындықты сол уақытта жаңа типті жобамен салынған. Мектептің ашылу салтанатында сол уақыттағы аудан басшысы Елеу Көшербаев құттықтау сөзімен жаңа ғимарат кілтін мектептің тұңғыш директоры Қадір Қалниязовқа табыстады.
Мұнда оқушылар үшін 41 оқу кабинеті, спорт залы, ер балалардың 2 шеберханасы, қыз балалардың тігін шеберханасы, мұғалімдер бөлмесі, лингафон кабинеті, акт залы, мәжіліс залы, кітапхана, асхана, дәрігерлік пунк жұмыс істейді. Мектеп ғимаратының І, ІІ, ІІІ қабаттары «Экология», «Даңқ» және «Шығармашылық» тақырыптарын негізге ала жабдықталған.
Қазір мектепте 945 оқушы білім алады. Оларға 117 мұғалім дәріс береді. Оның ішінде, зерттеуші-педагог, педагог-сарапшы, педагог-модератор және 6 магистр мұғалім бар. Бұл күні ұстаздар қауымы оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. «Оқу мен тәрбие егіз» ұғымын өз ісінде жүзеге асырып келе жатқан мектеп ұжымының еңбегі өзгелерге үлгі боларлық. Білім ордасының материалдық базасын нығайтып ғылыми негіздермен сауат ашатын пән кабинеттері жабдықталды. Биология, химия, физика, информатика, математика, ағылшын тілі, мультимедиа кабинеттері компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтылған.
– Ғылым мен техниканың озық жаңалықтарына жататын Робототехника кабинеті қолданысқа берілген. Оқушылардың ғылыми ізденісін қалыптастыру мақсатында «Болашақ» ғылыми қоғамы жұмыс атқарады. Оған педагог-зерттеуші санатты, тарих пәнінің мұғалімі Нұргүл Абдуллаева жетекшілік етеді. Қоғам мүшелері ғылыми жобалар жасаумен айналысады. Соның нәтижесінде жыл сайын оқушылар ғылыми жобалардан аудан, облыс көлемінде жүлделі орындар иеленіп жүр. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында волейбол, теннис, футбол, қол добы, дойбы, ұлттық ойындар асық ату, тоғызқұмалақ секциялары жұмыс жасайды. Аталған үйірмелердің оқушылары қол добынан қыз балалар арасында өткізілген республикалық, облыстық сайыстардың, футобол мен асық ату бойынша облыстық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары атанды, – дейді мектеп директоры Қымбат Сермаханова.
Ал 2019 жылдан бері оқушылардың «Лидер» дебаттық клубы қызу жұмыс үстінде. «Лидер» дебаттық клубына география пәнінің мұғалімі Нұргүл Мырзалиева жетекшілік етеді. Аудандық шараларда бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді.
«Жас ұлан» ұйымының мүшелерімен тәлімгер Бақытгүл Сержанова жұмыс жүргізеді. Жасұландықтар облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр. Сонымен қатар Бақытгүл Сержанованың жетекшілік етуімен мектепте «Сыр сұлулары» бишілер тобы құрылған. Олар да аудандық, облыстық бишілер байқауының бірнеше рет жеңімпазы атанды.
Бүгінде киелі мекенде бірқатар жоба іске қосылды. Атап айтқанда, «Табысты адам моделі», «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп театры» және «Жасыл мектеп» жобалары жоспарға сай жүзеге асуда.
Сондай-ақ оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылыққа баулу мақсатында мектепішілік үйірмелер жұмыс атқарады. Спорттық бағыттағы 14 секцияға 400 оқушы қатысады. Пәндік 47 үйірмеге де соншама бала қызығушылық танытуда.
Бұған қоса аудандық оқушылар үйімен меморандум аясында драмада – 15, хор үйірмесінде – 25, домбыра үйірмесінде – 12 оқушы тәлім алып келеді. Оқушылар үйінің мамандары: Бакыт Нағимов пен Нағима Қарымсақова және Мади Тәңірбергеновтер драма, хор және домбыра үйірмелерін сапалы жүргізіп келеді.
Бұдан бөлек мектепте оқушылар арасында 9 баладан құралған өз парламенті бар. Оқушылар президенті 9 сынып оқушысы Нұрай Елубай.
Өткен оқу жылында оқушыларға арналған «Табысты мектеп» жобасы аясында киностудия ашылды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сағынтай Балкембай.
– Киностудияда оқушылар дизайнерлік, актерлік, режиссерлық, монтаждау ісі мамандықтарына үйренеді. Киностудия мүшелері Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» пьесасы, Ыбырай Алтынсариннің «Бақаш ағаштар» әңгімесі желісі бойынша шағын фильмдер әзірледі. Мұнымен қоса оқушыларға тәлім-тәрбие беретін роликтер түсірумен айналысудамыз, – дейді Сағынтай Балкембай.
Биыл «Жасыл мектеп» жобасы қолға алынды. Жоба барысында оқушылар табиғатты аялауға, қалдықтарға жаңадан тіршілік сыйлауға, шығармашылықпен айналысуға, тірі табиғатты қорғауға үйренеді. Нәтижесінде жылыжайдың алғашқы зерттеу кабинеті ашылып, оқушылар бөлме гүлдері мен жеміс көшеттерін егіп, тәжірибе жүргізуде. Осы мақсатта жан-жақты жұмыс жасалып, жемістерге құнарлы топырақ әзірлеу мақсатында шұбалшаң құрттар өсіріліп келеді.
Мектеп тарихында ұстаздардың үкілеген үміттерін ақтап, жетістіктерімен қуандырған шәкірттер де аз емес. Қазіргі уақытқа дейін 21 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, Үздік Атестатты 4 оқушы алды. Ең алғаш рет 2009-2010 оқу жылының түлегі Гүлназ Тілеужанова «Алтын белгіні» кеудесіне тақты. Ақбота Болатбекқызы мектепті Үздік аттестатпен бітірді. Осыдан соң бүгінге дейін оның ізін жалғаған ізбасарлар легі толастамады.
Түсін түстесек, Гүлжанат Оразғали, Анель Әбдіраш, Жанна Сейілхан, Ләззат Жұмабай, Ұлдай Төреахмет, Айсана Әбдікәрім, Мирамкүл Ережеп, Гүлнұр Жиылыс, Гүлназ Сейілхан, Самал Алмас, Айзат Отар, Жеңіс Әбдінағи, Айсана Тәжібай, Баян Жиылыс, Айнұр Қаразым, Дидар Бақтыбайұлы, Айна Кәдір, Ақтоты Советова, Аружан Жаңабайқызы және Айгерім Мамай «Алтын белгі» иегері атанды. Сондай-ақ әр жылдары Күмісай Рахат, Көпжан Жұмабек пен Омаралы Гүлшат Үздік аттестатпен бітірді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

17 қаңтар 2023 ж. 602 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031