Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы: Жолдауға ерекше қолдау бар

Қазалы: Жолдауға ерекше қолдау бар

Қазалы пайдалану вагон депосының мәжіліс залында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында теміржол саласы қызметкерлерімен кездесу өтті.
Жиынды аудандық мәслихат депутаты, аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғазиз Әлмәмбетұлы жүргізіп, Мемлекет басшысы атап өткен Жолдаудағы бес бағдардың негізгі тұстарына тоқталып, сондай-ақ, «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу жиынына қатысқан сала қызметкерлері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша сауалдарын қойып, тиісті ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Жиын қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаты, «Қазалы ВЧД-6 жол бойы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Арғын Қайрбайұлы сөз алып, ұжым болып жолдауға еркеше қолдау бар екенін, ақпараттық-насихаттық кездесу жиыны үшін өз алғысын білдірді.
Сонымен қатар ауданға қарасты Ү.Түктібаев ауылдық клубында да Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын насихаттау мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы, насихаттық топ мүшесі Бақытжан Жарылқап қатысты.
Жиын барысында Бақытжан Дүзелбайұлы Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігі айтып, Жолдаудың толық мазмұны мен маңызды бес бағытын таныстырып өтті.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары Жолдау аясында бірқатар ұсыныстарын білдіріп, Мемлекет басшысының ел халқына жолдаған Жолдауын қолдайтындықтарын жекізді.
06 қазан 2022 ж. 375 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 27

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930