Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда Гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазалыда Гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жылдан жылға Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты егістікке су жіберетін канал бойындағы гидротехникалық құрылыстарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, механикалық тазалаудың маңызы жоғары.
Сондықтан да биыл «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің теңгеріміндегі «Сол жаға» магистралды каналы бойындағы гидротехникалық құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Өркендеу ауылдық округіндегі «Сол жаға» магистралды каналына арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын көрді.
Мұнда «Қазалысушар» өндірістік учаскесі бастығының орынбасары Нұрлан Әбілдаев атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Қазіргі таңда магистралды канал бойындағы 7 бас су өткізгіш гидротехникалық құрылыс пен 15 гидромостқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жақын күндері аяқталады.
Сондай-ақ, «Сол жаға» магистралды каналының 3 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сырдария өзенінің төменгі жағында орналасқан Қазалы ауданы үшін бұл құрылыс жұмыстарының маңызы жоғары екенін атап өтті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
13 желтоқсан 2022 ж. 460 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 202

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 171

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930