Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы спорт нысанының құрылысын көрді

Аудан басшысы спорт нысанының құрылысын көрді

Ауданымыздың спорт пен дене шынықтыруды дамыту үшін спорттық нысандар желісін жаңғырту және кеңейту үшін бірқатар ауылдарда спорт кешендерін салу жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда  аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Алға ауылдық округіне арнайы барып, жаңадан салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді. 
Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда салынып жатқан спорт кешені 2 қабаттан тұрады. Спорт кешенінде баскетбол және волейбол секциялары қаралған. Бүгінгі күнге ішкі әрлеу жұмыстары, жылу жүйесі, ішкі ауыз су, кәріз желілері орнатылуда.
Сонымен қатар, әжетхана және санузел бөлмелеріне кафель жабыстыру жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы жақын уақытта аяқталып, жаңа жылда пайдалануға беріледі деп күтілуде. алдағы уақытта бұл жерде спортшылар ғана шеберліктерін шыңдап қоймай, балалар мен жастар да жаттыға алады. Бұқаралық спортты дамытып қана қоймай, спортшыларды дайындау үшін қолайлы жағдай жасалған.
Қазіргі таңда ғимарат алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды. КТПН қондырғысы монтаждалып, электр желісі жүргізілуде.
 "ҚАЗАЛЫ" ақпарат
13 желтоқсан 2022 ж. 586 0

Наградалар табысталды

10 сәуір 2026 ж. 114

Мал ұрлығына жол жоқ

10 сәуір 2026 ж. 161

Грант байқауы басталды

10 сәуір 2026 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930