Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолөнер қашанда жоғалмайды

Қолөнер қашанда жоғалмайды

Сыр өңірінде Көрісу күніне орай халыққа қызмет көрсету орталығында «Қобыз үні» атты облыстық көрме-байқау ұйымдастырылды. Оған Қызылорда облысының танымал қолөнер шеберлері жиналды.
Шараның өтуіне «Қолөнер» ұлттық нақыш, халыққа қызмет көрсету және «Тағылым» балаларды шығармашылық дамыту орталықтары ұйытқы болды.
Қазақтың ұлттық мерекесі – Көрісу күнінде ұлтымыздың киесі болған қобыз аспабы кеңінен насихатталды. Қобыз туралы аз-кем айта кетсек, қобыз, оның ішінде қылқобыз – тағдырлы аспап. Деректерде қобыз атасы IX-X ғасырда өмір сүрген Қорқыт бабамыз десе, енді бір мәліметтерде аспапты ислам діні енген VII-VIII ғасырлармен байланыстырады. Қалай дегенмен, сан ғасырлық тарихы бар қобыз аспабының қазақ үшін қашанда құны бөлек.
Қасиетті қобыз үнімен ұштастырылған дүбірлі шарада ұлттық құндылықтарымыз кеңінен ұлықталды. Облыс көлемінде өткізілген көрмеге қазалылық жас қолөнерші Мархаббат Асанова да қатысып, өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Мархаббат қазақтың ою-өрнектерімен кестеленген көрпе-төсек тігеді. Оның қолынан шыққан әрбір дүниенің сәні мен сапасы ерекше. Соның нәтижесі болар, еңбегі бағаланып, Мархаббат «Қобыз үні» атты облыстық көрме-байқауында «Құрақ көрпе» номинациясы бойынша екінші, «Ою-өрнек – тарихи мұра» номинациясы бойынша үшінші орын иеленді.
Талантты қолөнершілердің туындыларын таныстыру, насихаттау мақсатында өткізілген көрмеден керемет әсермен оралған Мархаббат бізбен әңгімесінде: «Көрмеде қазақтың қазақылығын танытатын, ұлтымыздың өзгелерлерден ерекшелігін көрсететін көптеген дүние болды. Әрқайсысының өзіндік әдеміліктері бар. Бұл көрме мен үшін жай ғана көрме-байқау емес тәжірибе алаңы болды десем қателеспеймін. Үйренгенім, көрген-білгенім көп болды. Ойыма тың идеялар да келді. Ұлттық бұйымдарымыздың бағасын арттырып, рухани байлықтарымыздың маңыздылығын түсіндіре білген ұйымдастырушыларға деген алғысым шексіз. Бұндай мәні мен мағынасы зор шаралар жиі өтіп тұрса» деген ниетін білдірді.
05 желтоқсан 2022 ж. 314 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031