Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қобызшылар байқауы басталды

Қобызшылар байқауы басталды

Қызылорда облысында тұңғыш рет қобызшылар мен қобызбен сүймелдеп жыр айтатындар дүбірлі додада бақ сынамақ. «Қорқыт. Қобыз» тақырыбы аясында өтетін шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастыруда. Талантты жандардың басын қосқан байқаудың мақсаты мен шарттары туралы бүгін баспасөз брифингінде толығырақ айтылды, - деп хабарлады "Жас Алаш" газетінің тілшісі.
«Сыр елі — жыр елі» демекші, айтулы дода Қызылордада бекер ұйымдастырылып отырған жоқ. Атақты қобызшы Қорқыттың туған жеріне еліміздің өзге өңірлерінің ең мықты таланттары жиналды. Көпшілікке өз өнерлерін көрсетуге келгендердің дайындықтары да тиянақты.
«Бұл байқаудың мақсаты өте зор деп ойлаймын. Өткен күннен қалған мұрамызды тек насихаттап қоймай, оны жандандыру жас қобызшыларға жүктеліп отырған парыз. Жарыс барысында өз өнерімізді көрсетіп, күй тыңдауға келгендердің көңілінен шығуға тырысамыз. Қорқыттың ұрпақтары өзге өңірлерден ат терлетіп келгендерден кем болмауымыз керек», — деді қобызшы Әділ Наурыз.
Байқауда жалпы 17 талапкер бақ сынайды. 17-55 жас аралығындағы қыл қобызшылар Қорқыт күйлерін насихаттаса, қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылар Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, Қорқыт дәуіріндегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындайды. Қазылар алқасының құрамы әр шығарманың орындаллу техникасына баға беріп отырады.
«Бұл байқаудың мақсаты — ұлттық өнерді дамыту, қыл қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардың шығармашылығын насихаттау, оларға жан-жақты қолдау көрсету және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Қазіргі таңда Қорқыт ата мұрасын жаңғырту, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау бағытында біршама ауқымды жұмыстар жасалынып жатқаны рас. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тұңғыш рет өткізіліп отырған «Қорқыт. Қобыз» байқауының тәрбиелік мәні зор», — деді дәстүрі әнші Ұлжан Байбосынова.
Баспасөз мәслихаты барысында Астана мен Алматыдан келген жастар күй орындап, журналистер қауымын ерекше көңіл-күйге бөледі.
19 қазан 2018 ж. 1 472 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 30

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 30

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 33

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031