Ана тілді дәріптеген ару
Әлемде ағылшын тілін қолданушылар жыл санап артып келеді, деп хабарлайды qazaly.kz ақпараттық агенттігі.
Бір ерекшелігі сол, бұл ғаламды мекендегендер үшін ортақ тілге айналған. Себебі оны насихаттап, үйретумен айналысып жатқан жалғыз ағылшындар емес, өзге де елдер. Ал қазақ тілінің халі қалай? Қазір елде ана тілді ұмытып, тіпті кенжелеп екінші орынға қойған жандар бар. Қуанышымызға орай мұндай олқылықтың орнын толтырып, қазақ тілін тек туған жерде емес, одан тыс елдерде де насихаттап жүргендер жетерлік. Қытай елінде 90-ға жуық қытайлыққа қазақ тілін үйреткен қазалылық ару, жас ақын Бағым Жомартқызы – сондай қазақтың бірі.

– Қытай еліне барудағы мақсат-мұратыңызбен бөлісе кетсеңіз...
– «Шет елден білім алып, оқысам-тоқысам, содан соң қазақ еліне қызмет етсем деу» әрбір қазақ баласының арманы ғой. Мен де колледж қабырғасынан білім алып, кейін оқуымды Қытай университетінде жалғастыруды жөн көрдім.
– Қытайлықтардың біздің ана тілге қызығушылығының себебі неде?
– Бәрімізге әйгілі Қытай Халық Республикасында өткен «Мен әншімін» теле жобасында біздің еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген қатысқан болатын. Осы орайда осындай әлемдік байқауларға Қазақстанның атынан шығатын тұлғаның жасырын бір көрінісі – ұлттық мүдделер (тіл, мәдениетті) қастерлеуде және мәртебесін көтеруде атқаратын орасан зор беделін көруге болады. Осылайша әлем халқының Қазақстан мәдениетіне, тіліне деген құрметі мен қызығушылығы артты. «Қытайлар қазақ тілі курстарына жазылып жатыр», «қазақтың екі студентін Димаштың «тілін» аударуға жұмысқа алды» деген сынды жаңалықтар жан-жақтан күннен-күнге дамыл таппады. Әлемнің түкпір-түкпірінен Димаштың ауқымды жанкүйерлері, оның ішінде – Қытай халқының да назары Қазақстанға түсті. Бұл – бірінші түрткі болса, екінішісі – біздің мемлекет басшылары мемлекеттік тіл – қазақ тілін кеңінен қолдану аясында шетел студенттеріне өз талаптарын қоя білуінде. Яғни«Қазақстанға алты ай, бір жыл көлемінде тәжірибе алмасу мақсатында келген Қытай студенттеріне ағылшын тілінен бөлек, қазақ тілінің базалық жүйесін меңгеріп, сөйлей алу керек» деген талаптар қойды.
– Қазақ тілін үйретуіңізге не түрткі болды?
– Жоғарыда атап өткенімдей, мемлекет басшылары бекіткен талаптарға сай болу үшін Қытай университеттері қазақ тілі курстарын аша бастады. Мен барған Шихэдзы университеті де осы орайда қалыс қалған жоқ. Қазақстаннан келу керек болған оқытушы мұғалім белгілі бір себептермен келмеген. Оқу жылының басталып кетуі, әрі уақыттың тығыздығына байланысты Шихэдзы университет басшылары қазақ студенттері арасында осы бос жұмыс орнына конкурс жариялады. 6 қазақ студенті қатыстық. Оның бесеуі – Қазақстанда «Қытай филологиясы және ағылшын тілі пәні» бойынша білім алған. Ал менің колледж қабырғасында білім алған «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні» жөніндегі дипломым осы орайда іске асып, мені жұмысқа алатын болды. Осылайша мен өзіммен үзеңгілес қытай студенттеріне қазақ тілінен сабақ бере бастадым. Бұл мен үшін үлкен мәрбете, әрі үлкен жауапкершілік болды. Таңертең 9-дан кешкі 4-ке дейін өз білімімді шыңдасам, кешкі 5-тен 9-ға дейін студенттерге сабақ бердім.
– Тілді үйретуде қандай методикаларға сүйендіңіз, ана тілімізді өзге ұлт өкілдеріне үйретуде жалпы әдістемелік құралдар жеткілікті ме?
– Шыны керек, біздің қазақ тілін оқытуға арналған кітаптар жоқтың қасы. Университет берген орысша-қазақша жазылған кітаптың бірінші парағын ашқаннан-ақ көзге ұрып тұрған қателерден көзің сүрінеді. Мен ол кітапты сол күйі ашпадым. Барынша тіл үйретуге арналған әдіс-тәсілдерді, тәжірибелік жаттығуларды өзім ойластырып, жазып жүрдім. Кейін Қазақстанға келгенде де осы саланы зерттемек болып, ірі кітап дүкендерінде қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрететін кітаптардың аздығы қынжылтып, тіпті сапасы сын көтермейтінін көрдім.
– Сізден қанша қытайлық азамат қазақ тілін үйрене алды? Нәтиже қалай?
– Меннен 90-ға жуық қытай студенттері білім алды. Әрине барлығы тілді жетік меңгеріп кетті деу қиын. Өйткені, сенсеңіз, қытай тіліне қарағанда қазақ тілінің құрылым жүйесі өте күрделі және оны жарты яғни бір жылда толық меңгеріп шығу мүмкін емес. Тереңдетілген грамматика емес, қазақ тілінің базалық сөйлеу формасын меңгерту – менің мақсатым болды. Қазақстанға келген қытай студенттері өз ойларын қазақша жеткізіп, қоғаммен араласуда сол базалық білімді қолданса деген ниет болды. Тама-тама көл болар, бұл орайда мен өз мақсат міндеттерімді толық алып шықтым деп айта аламын.
– Кей жерлерде кенжелеп, қазақ тілін екінші орынға ысырып, тіпті оны білмей жататын бауырлар да аз емес. Оның ішінде жоғары шендегі атқамінерлеріміз де бар. Ендеше осы бір жандардың ана тілге қызығушылығын арттырып, меңгеру үшін не істесе болады? Өз ойыңызбен бөліссеңіз...
– Қазір әлеуметтік желілер инстаграм болсын, тикток болсын, жастардың тілімен айтатын болсақ блогергер, сондай-ақ өнер мен мәдениет тұлғалары, аудиториясы миллион оқырманнан асатын қазақтың бетке ұстар азаматтары, тіпті бизнесмен тұлғалар да керісінше өз ойларын қазақша жазып, қазақша сөйлеуге тырысып-ақ жүр. Қазақ тілінде сөйлеу қазір трендке айналды. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл – прогресс. Бірақ, айта кететін жайт біздің жастар өзге тілді үйреніп алса (ағылшын тілі болсын, түрік тілі болсын) басқа қазақ жастарына үйретуге курс ашып, «Менің авторлық методикам» деген жарнамалары ғаламтор желісін жарып тұр. Темірді қызған кезінде соқ демекші, неге сол қазақ жастарының басын қосып, керісінше, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрететін медотикаларды ойлап тауып, жинақтап, жарыққа шығармасқа?! Қазақ тілінің кенжелеп қалған, ақсаңдап тұрған тұстарын дамытатын уақыт жетті.
«Толқынды толқын қуады, толқыннан толқын туады» демекші, қазіргі қоғамның толқыны – біз жастар. Ғаламторда жаппай селкілдеп билегеннен саналы ұрпақ шықпайды. Баяғыдай аға буынның аузына қарап отыратын да заман емес. Керісінше, өскелең ұрпақ та, аға буын да жастарға қарап отыр. Неге? Қазір жастардың мысы басым. Толассыз ақпараттар мен білімнің заманы. Оны ұлт мүдессіне, оның ішінде қазақ тілінің мәртебесін асқақтатуға ұтымды пайдалануымыз керек. Өнер саласы бойынша, әннен, биден болсын халықаралық, әлемдік байқауларға шығып, спорттан әлем ареналарын бағындырып жатырмыз. Әттеген-айы, сол – қазақ әдебиеті. Сапасы сын көтеретін сапалы аудармалар қажет.
– Алдағы мақсатыңыз қандай?
– Әлем әдебиетін қазақ тілінде оқығым келеді. Сол секілді қазақ әдебиетін де әлем кітапханаларынан көрсем деген, арманым бар.
Қазақ жазушылары әлемнің менмұңдалаған қаламгерлерімен иықтасып тұра алады. Бірақ соны сапалы аударма жасайтын қазақ жастары көбейсе нұр үстіне нұр болар еді. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша өз тарапымнан атқарылып жатқан жұмыстың нәтижелерімен, жақсы жаңалықтарымызбен сіздермен бөлісетін боламын.
– Сүбелі сұхбатыңыз үшін рахмет!

Әңгімелескен
Серік АҚМЫРЗА