Маңызды науқаннан қалмайық
qazaly.kz. Осы қараша айының 20-да өтетін мемлекет басшысын сайлау жөніндегі саяси науқанға ауылдастарымның түгел қатысып, бір адамдай дауыс беруге шақырамын. Әрине ел басшысын үміткерлердің ішінен таңдау әркімнің өз еркіндегі шаруа.
Менің айтпағым, сайлауға толықтай қатысу арқылы ауыл азаматтарының ауызбіршілігін көрсетейік, жерлестерім. Әр адамның дауысы шешуші роль атқаратынын естен шығармайық. Жақсы заман одан әрі жақсарсын десең сайлауға кел, дауыс бер. Жоқшылықтың дәмін татқан, өмірдің ащысын да, тұщысын да көріп келе жатқан бізден гөрі, жастар, сендердің замандарың жақсы ғой...
Елдің елдігін көрсетіп, сайлауға түгел қатысайық, дауыс беру арқылы болашағымызды айқындайық, бізді бақытты болашақ күтіп тұр!
Қуанбай Рахметұлы,
Еңбек ардагері, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері
#Сайлау2022
#20қараша