Сыбайластық салғырттықты көтермейді
«Қазалы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Тұрғындар өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында жең ұшынан жалғасқан көріністер деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күннің басты мақсат.
Осыған орай биыл жемқорлықтың алдын алу мақсатында, оған қарсы күресте барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі, құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу жайы қамтылды. Парақорлықпен күрес жалпыға ортақ міндет екендігі жөнінде Қазалы қаласы әкімі аппараты ғимаратында Қазалы қаласында орналасқан мекеме басшыларының қатысуымен әр тоқсан сайын тұрақты жиналыс ұйымдастырылады. Жастар арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдары туралы семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Қазалы қаласы әкімі аппаратының кеңсе ғимаратында құқықтық сауатты көтеретін ескерпелер ілініп, халық арасында түсіндірме шаралары жүргізіледі.
Сонымен қатар Қазалы қаласында сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Пара берсең жазаланасың», «Пара берме, алма», «Назар аудар, есіңде сақта!», «Назарсыз қалдырма, жемқорлықтың тізбегін үз!» сынды сенім телефоны көрсетілген баннерлер орналастырылды. Осы бағытта Қазалы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік желілерінде мақалалар шығарылды. Көше қиылысында орналасқан ЛЕД экранда жемқорлықты болдырмау бағытындағы бейнероликтер жиі қойылып тұрады.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мақсатында Қазалы қаласы әкімінің аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері elicense.kz жеке және заңды тұлғалардың өтініштері eotinish.gov.kz ақпараттық жүйелері арқылы қабылданады.
Сондай-ақ жер беру мәселесіне де айрықша мән беріледі. Қазалы қаласы аумағынан 2007-2017 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысын салу үшін жер сұраған 476 азаматқа жер табысталды.
Жұмыспен қамту мәселесі де қадағаланады. Мәселен, соңғы 10 айда Қазалы қаласы бойынша 62 азамат тұрақты, маусымдық және уақытша жұмысқа орналасты. Жастар тәжірибесіне 8 жас тартылса, ақылы қоғамдық жұмысқа 85 азамат жіберілді.
Әлеуметтік қолдау жайы да жаман емес. Қазалы қаласы бойынша 11 отбасынан 61 адамға 1 271,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Осыған дейін Қазалы қаласы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған және бұл бағыттағы жұмыстар басты назарда.
«Қазалы қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі