Жарқын келешекке бастар науқан

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында президенттік мерзімнің ең көп санын екіден бір жылға дейін қысқартуды және президенттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды ұсынды. Бұл ұсыныс көпшілік тарапынан қызу қолдау тауып отырғанын айта кеткен жөн. Демек, алдағы уақытта халық елдің жүгін арқалар азаматтарды таңдау жиілігі артады.
Кез келген демократияға ұмтылған, дамудың даңғыл жолына түсуді көздеген мемлекетте халықтың тілегімен Президент сайлануы қалыпты жағдай екенін білесіздер. Себебі елдің экономикалық, саяси әрі қоғамдық дамуы осы бір маңызды науқанға тікелей байланысты. Сол себепті елдің кемел келешегін, балаларының болашағын ойлаған әрбір қазалылық жерлестерімді 20 қарашада өтетін Президент сайлауына келіп, өз таңдауын жасауға шақырамын. Сайлау құқығы бар әрбір азаматтың дауысы шешуші рөл атқаратынын естеріңізден шығармағандарыңыз абзал.
Төребек ИГІЛІКОВ,
аудандық мәслихат депутаты