Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

  Астанадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау  рәсімі басталып, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
  Атап айтқанда, ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді.  Заңға сәйкес, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді. Осы сәттен бастап Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.
   Еске сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес, 9 маусымдағы кезектен тыс президенттік сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 процент дауысын (сайлаушылардың 6 539 715 дауысы) алып, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 12 маусымға белгілеу туралы арнайы қаулы қабылдады.
12 маусым 2019 ж. 1 686 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 121

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31