Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әскери борышын өтегендердің ЖОО-да тегін оқуына 3000 грант бөлінеді

Қазақстанда әскери борышын өтегендердің ЖОО-да тегін оқуына 3000 грант бөлінеді

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев әскери борышын өтеген азаматтардың университетте тегін оқуына 3000 грант бөлінгенін айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 25 қазанда қорғаныс министрі 44 жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге 3000 грант беру туралы меморандумға қол қойған.
“Демек, бір жыл әскерде қызмет өткергендер осы жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз түсе алады. Сондай-ақ әскерде жақсы нәтиже көрсеткендер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады”, – деді Ахмадиев.
Айта кетсек, жақында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредитке "демалыс беру" туралы келісімді жариялайды. Яғни, сарбаздардың кредиті мерзімді қызмет кезінде 13 айға тоқтатылады. 12 ай қызмет ету мерзімі + 1 ай жұмысқа орналасуға беріледі.
Сонымен қатар, қорғаныс министрлігі әскерден кейін сарбаздарды жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындармен келісім жасауды жоспарлап отыр.
26 қазан 2022 ж. 473 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 119

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031