Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2 мыңнан астам сарбаздың әскерге шақырту алғанға дейін ресімделген несиесі бар

Қазақстанда 2 мыңнан астам сарбаздың әскерге шақырту алғанға дейін ресімделген несиесі бар

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қарулы Күштер қатарында әскери қызметін өтеп жүрген 13 мың 718 мерзімді әскери қызметші бар. Оның ішінде, 2105 әскери қызметшінің әскерге шақырту алғанға дейін ресімделген несиесі бар. Олардың қарызын уақытша кешіруді реттеу Қорғаныс министрлігінің қолынан келмейді.
Себебі, мерзімді қызмет өткеру кезеңіне кредит бойынша үзіліс беру мәселелері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 36-бабы шеңберінде іске асырылады. Былтыр 1 қазаннан бастап күшіне енген бұл норма бойынша министрлік қаржы ұйымдарымен бірге мерзімі өткен қарыздармен жұмыс тәртібін реттейтін ішкі құжаттарға өзгерістерді енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Соның ішінде қарыз алушының мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңіне несиесі бойынша қайта құрылымдауды ұсынады. Оған сәйкес, Қорғаныс министрлігінің қолынан келетіні – борышкердің бір жыл бойы мерзімді әскери қызметті өткеріп жатқанын растайтын бір жапырақ анықтамасы ғана. Бірақ бұл анықтама кәдеге жарамайды.
Бұған дейін Қорғаныс вице-министрі 18 жаста 9 миллион теңге несиесі бар сарбаздар туралы айтқан болатын.
17 тамыз 2022 ж. 496 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930