Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерден ЖОО-ға жолдама

Әскерден ЖОО-ға жолдама

Жуырда Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметін өтегендерге жоғары білім алуға жеңілдік берілетіндігін жариялады. Бүгінде бұл туралы халық арасында түрлі болжамдар айтылып, талқыға түсуде. Осы тұста министрліктің жаңалығын тарқатып, нақты ақпаратты оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Атқамінерлердің сөзіне сенсек, әзірге бұл бастаманы 30 университет қолдады. Алдағы уақытта олардың саны 50-ге дейін жетуі мүмкін. Қазір жоғары оқу орындары жауынгерлер тегін түсе алатын мамандықтар тізімін дайындап жатқан көрінеді.
Айта кетейік, бұл мүмкіндікті әскери қызметі кезінде жақсы көрсеткіштерге ие болғандар ғана пайдалана алады. Жауаптылар бұл жаңашылдықты жастарды әскерге баруға ынта-жігерін арттыру үшін енгізген.
– Еліміздің жоғары оқу орындары әскерде ең жақсы нәтиже көрсеткендерге грант беруге дайын. Әскери академиялар да оларды емтихансыз қабылдайды. Іріктеуді Қорғаныс министрлігі, шекаралық қызмет және Ұлттық ұлан өкілдері жүргізеді. Бұл тізімге ілікпегендер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ ақылы бөлімге түсе алады. Қалағандарға осы мүмкіндікті әскери қызметін аяқтаған сәттен бастап екі жыл ішінде пайдалануға рұқсат, – дейді Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева.
Әскерге шақыру бойынша борышын өтеген қазақстандықтар ҰБТ ұпайларын есепке алмай, жоғары оқу орындарына ақылы түрде де оқуға түсе алады.
Кеңесші жобаны іске асыру ауқымды заңнамалық өзгерістерді қажет етпейтінін де айтты. Яғни, әскери борыныш өтеп келгендер жоғары білімді кез келген мамандық бойынша ала алады. Бұнымен қоса олар жоғары оқу орнындағы әскери кафедрадан тегін білім алады. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі екінші деңгейлі банктермен әскери борышын өтеп жүргендерге несиелік демалыс беру мәселесін пысықтауда.
Министрлік сарбаздардың қауіпсіздігі мәселесін де қолға алмақшы. Мәселен, аға офицерлерлердің жауапкершілігін арттырып, ата-аналар комитетімен тығыз байланыс орнату жоспарлануда. Сондай-ақ психологтар да жауынгерлермен жиірек кездесіп, моральдық қолдау көрсетпек.
Жаңалықтың басқа да қыр-сыры мен сондағы жауапты азаматтардың пікірін білмек мақсатпен аудандық әскерге шақыру пунктіне жолыққан едік. Өкінішке орай сауалымызды қанағаттандыратын жанды таба алмадық.
– Әдетте әскерге барған жігіттердің көбі борышын өтеп келген соң, жұмыссыз немесе оқусыз қалып жатады. Жуырда Қорғаныс министрлігінің жаңалығын естіп қатты қуандым. Себебі, кезекті борышкер туған өлкеге оралған соң, жоғарғы оқу орындарына түсіп, қалаған мамандық иесі атана алады. Бұл жобаның таы бір тиімді әрі ең күрделі тұсы ол – жұмыссыз жастар санын азайту болып тұр. Бұйырса бәрі сәтімен өтіп, келер жылда министрліктегілер айтқандай болады деп сенемін, – дейді аудан тұрғыны Айзада Шәкіратқызы.
Айта кетейік, елде соңғы уақытта әскерге аттанған жастардың өз-өздеріне қол жұмсау ахуалы күрделеніп кеткен. Қорғаныс министрлігінің қолға алып жатқан ауқымды әрі сенімді істері де осыған тікелей қатысты. Ендігісі ойлағанның ойынан шығып, баласын сабыла күткен ана жүрегіне тыныштық ұялатады деп сенеміз.

Серік АҚМЫРЗА

24 қыркүйек 2022 ж. 848 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930