Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күніне орай барлық мектепте салтанатты жиындар өтеді

Республика күніне орай барлық мектепте салтанатты жиындар өтеді

21 қазанда Қазақстанның барлық мектебі мен колледжінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Бұл туралы inform.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Онда оқушылар мен студенттер әнұранды орындайды. Сол күні оқу озаттары марапатталып, барлық білім ордасында «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында республикалық сынып сағаты өтеді.
«Еліміздің білім беру ұйымдарында Республика күнін мерекелеу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. Осы себептен еліміздегі барша оқушы үшін шығармашылық, танымдық, спорттық, мерекелік іс-шараларды жоспарлап отырмыз», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар 17 қазанда басталады. 1-4 сынып оқушылары арасында «Атамекен» тақырыбы бойынша бірыңғай жалпыхалықтық диктант өткізіледі. 5-11 сынып оқушылары арасында жалпыұлттық бірыңғай эссе байқауы өтеді. Ал жоғары сынып оқушылары, яғни 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен өз елімнің азаматымын!» тақырыбында пікірсайыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «Қыран елім – Қазақстаным!» жалпыреспубликалық патриоттық акциясы аясында кітап оқығыштар байқауын, спорттық сайыстарды және «Ұлттың ұлы ұстаздары» республикалық шығармашылық байқауын өткізу жоспарланып отыр.

18 қазан 2022 ж. 273 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 23

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 79

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 89

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 60

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 95

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031