Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мектепті шармен безендіруге болмайды". Биыл алғашқы қоңырау қалай өтеді?

"Мектепті шармен безендіруге болмайды". Биыл алғашқы қоңырау қалай өтеді?

Барлық мектепте "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында сынып сағаты өтеді.
1 қыркүйекте барлық мектептерде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Іс-шараның форматы мен қатысушылардың құрамын мектептердің өзі анықтайды, бірақ бірнеше ережелер бар, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство алғашқы қоңырауға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды шақыруға, мерекелік дастархан жаюға, мектеп ғимараты мен аумағын шарлармен безендіруге тыйым салды.
Сонымен қатар қоршаған ортаны ластамау, оқушыларды табиғат пен жануарларды құрметтеуге тәрбиелеу үшін шарлар мен көгершіндерді қолданбауға кеңес берді.
Сондай-ақ, салтанатты шараға облыстың дамуына сүбелі үлес қосқан ардақты азаматтарды шақырып, "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізуге құрметті қонақтарды тартуға болады.
Мемлекеттік туды шығару мен әнұран орында мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібіне сәйкес жүргізілуіге тиіс.
Айта кетейік, мұғалімдерге гүл сыйлауға тыйым салынбаған. Министрлік мұны жақсы дәстүр деп санайды.
25 тамыз 2022 ж. 1 133 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930