Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатты отынның бағасы қанша?

Қатты отынның бағасы қанша?

Естеріңізде ме, тал бойындағы жапырақтар құлай бастағанда үйдегі үлкен кісі көмір қоймасына барып, қара шаңға көмілген «Зилге» мінгесіп келетін. Мұндайда ескі әдетпен көшеге киюге жарамсыз күртешені үстімізге іліп алып, көне шелекке қарай ұмтылатын әдеттен танбаймыз. Қас қарайып, бел талғанша қара алтынды үйдегі қоймаға тасып бітуіміз керек. Ыңғайлылық үшін «көмірсарайдың» қабырғасынан әкеміз терезе көлемінде саңылау жасап беретін. Осы еңбектің арқасында үлкен үй 5-6 тонна көмірді күлге айналдырып, қыс бойы тәнге жылу береді. Қазір бұл бейнетті көгілдір отын ұмыттырды. Ауданға қарасты ауылдық округтердің бәріне игілік жетпегенімен, жауапты тұлғалар тарапынан ұмтылыс байқалады. Оған дейін ауылдағы ағайын көмірге тәуелді бола беретіні түсінікті.

Биыл күн райы жылу маусымы жетпей жатып, ерте салқындады. Қазан айының ортасынан өтіп қосылатын жылу жүйесі аудан әкімінің өкіміне сәйкес 11 қазаннан бастап әлеуметтік-мәдени нысандарға жайлылық сыйлады. Алайда тұрғын үйлерден бөлек, қатты отынмен жылынатын мекемелер де барын естен шығармауымыз керек. Осыған байланысты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа сұрау салған едік. Жылу маусымына жауапты азамат бұл мәселеде тапшылық болмайтынын жүріп жатқанын жеткізді.
– Биылғы жылу маусымы үшін қатты отын қажеттілігі 16 мың тоннадан аспайды деп есептедік. Мұның басым бөлігін, нақтырақ айтсақ, 12500 тоннасы халық сұранысын қанағаттандырады. Қалған 3500 тонна көмір әлеуметтік нысандардың сұранысына сай жоспарланған. Қыс мезгілінің басталуына әлі екі айдан астам уақыт бар. Әйтсе де қазіргі таңда қоймаға 135 вагон қатты отын жеткізілді. Тағы 345 тонна қатты отын жақын күндері теміржол арқылы жеткізіледі. Өткен жылу маусымынан 2500 тонна көмір ауысып қалғанын да айтпай кетуге болмас, – дейді Мұрат Байғабылұлы.
Бәріне белгілі, әлеуметтік нысандарға – аурухана, мектеп пен халық жиі баратын орындар кіріктіледі. Әкімдіктегілер ең алдымен осы бағытта сұранысты 100 процент қамтамасыз еткен. Халық қажеттілігіне байланысты қоймадағы көмір сатылымы да еркін жүргізіліп жатыр. Ал «қымбатшылық қатты отынға да әсер ете ме?» деген көптің көкейіндегі сауалды аудандық кәсіпкерлік бөліміне бағыттадық.
– Осы сәтте «Жалмағамбетова», «Зәру», «КапСтрой-007» атты жеке кәсіпкерлер ауданға көмір жеткізумен айналысып отыр. Орташа бағасына келер болсақ, тас көмір – 16000-16500, ағаш көмір – 19000 теңгеден сатылып жатыр. Бұл өткен жылға қарағанда 2-3 мың теңгеге қымбаттаған, – дейді ауландық кәсіпкерлік бөлімінің әдіскері Ақылбек Көптілеу.
Статистикалық ақпар бере кетейік, қазіргі күні ауданда 14581 тұрғын үй болса, оның 60 проценті газ отынымен жылытылады. Бұл Әйтеке би кенті, қала мен Ғ.Мұратбаев ауылындағы үйлердің дерегі. Сондай-ақ Басықара, Құмжиек, Жалаңтөс батыр елді мекендерін газдандыру басталып кеткені біраз уақыт өтті. Мердігер компания күн суытып, қар түскенше жаңа заман игілігін үйге кіргісіп үлгерсек деп отыр.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
15 қазан 2022 ж. 449 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031