Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТМД елдерінің басшылары ынтымақтастық жоспарларын талқылады

ТМД елдерінің басшылары ынтымақтастық жоспарларын талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшыларының бейресми кездесуінде
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев болды.

Шара барысында ТМД елдерінің басшылары ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Президент Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Сонымен Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі өтті. Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі мұны келесі аптада өтетін ТМД саммитіне дайындық аясындағы өте маңызды оқиға деп атаған болатын.
ТМД елдері басшыларының алдыңғы бейресми кездесуі 2021 жылы 28 желтоқсанда дәл осы Санкт-Петербургте өткен болатын.
08 қазан 2022 ж. 259 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031