Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді

Ертең Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді

Ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де онлайн форматта Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ертең, 31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді. Бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізеді. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында. Оның айтуынша, жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. «Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты декларация қабылданады деп жоспарланып отыр» дейді Президенттің баспасөз хатшысы.

30 наурыз 2021 ж. 5 226 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 150

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031