Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік "толық емес отбасы" санаты не себепті "Бақытты отбасы" бағдарламасынан шығарылғанын түсіндірді

Министрлік "толық емес отбасы" санаты не себепті "Бақытты отбасы" бағдарламасынан шығарылғанын түсіндірді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол "толық емес отбасы" санаты не себептен "Бақытты отбасы" бағдарламасынан шығарылғаны туралы айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы министрлік өкілдері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте тұрғын үй саясатының жаңа механизмдерін таныстыру кезінде айтты.
"Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында отбасы институтын қолдау және сақтау мақсатында "Бақытты отбасы" жеңілдетілген бағдарламасына қатысушылардың санаттары қайта қаралды. Атап айтқанда, талдау нәтижесінде "толық емес отбасы" санаты алынып тасталды. Мониторинг көрсетіп отырғандай, "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап "толық емес отбасы" санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72%-ға немесе 61,6 мың адамға артқан", - деді Бауыржан Қабдол.
Еске салсақ, бұған дейін "Отбасы банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова толық емес отбасы санаты бойынша жеңілдетілген ипотекалық несие алу Қазақстандағы жалған ажырасулардың себептерінің бірі болып бара жатқанын айтқан болатын.
03 қазан 2022 ж. 650 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 128

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 124

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930