Қазақстанда қанша адам баспана кезегінде тұр?

Оның айтуынша, баспана кезегінде тұрған 621 мыңнан астам адам бар. Олардың ішінде Қазақстанда баспанаға мұқтаждығы бар және тұрмысы жағдайы төмен адамдардың төрт санаты белгіленген. Бұлар бойынша кезекте тұрғандардың жалпы саны 230 мыңға жуықтайды. Атап айтқанда:
Көпбалалы отбасылар – 91 мың азамат;
І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар – 51 мың азамат;
Мүгедектігі бар баласы бар отбасылар – 24 мың азамат;
Жетім балалар – 61 мың азамат.
Еске салайық, 29 қыркүйек күні Сенат депутаты Амангелді Толамисов Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, Қазақстандағы жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұл санатта тұрғын үй алу кезегінде 60 845 азамат тұр. 2021 жылы 1 211 адам тұрғын үй алса, ал 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл санаттағы 287 адам ғана үйлі болған.