Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалдамалы тұрғын үй құрылысына 103 миллиардтан аса қаржы бөлінген

Жалдамалы тұрғын үй құрылысына 103 миллиардтан аса қаржы бөлінген

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйді кезек бойынша бөлу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрлік мәліметінше, биыл ерекше мұқтаж қазақстандықтар тізімінен 14 568 отбасы пәтер алады. Биыл құрылысқа, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алуға бюджеттен 103,7 миллиард теңге бөлінді.

Бұл қаржыға жоспарланған тұрғын үйдің жалпы ауданы - 776,3 мың шаршы метр.

"Тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі, бірақ ол үшін қарыз немесе несие төлеудің қажеті жоқ. Табысы аз адамдар үшін жалдау ақысы қолжетімді есептелген.

Жыл басынан бері бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша және 1 шілдедегі мәлімет бойынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) ақпараты бойынша облыстық әкімдіктерге бұл мақсаттарға қазірдің өзінде ақшалай қаражат аударылды. Бөлінген қаражаттың 96,7 пайызы игерілді", - дейді министрліктегілер.

26 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарда әлеуметтік тұрғын үй алуға 286 811 қазақстандық кезекте тұр. Осы санаттағы мұқтаж азаматтардың есебі төрт бөлек кезекте жүргізіледі.

"Бұл кезекте Ұлы Отан соғысының 107 қатысушысы мен мүгедегі, 59 050 жетім бала, 1 және 2 топтағы 46 378 мүгедек, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 4047 ардагер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 22 782 отбасы, жасы бойынша 17 600 зейнеткер, 134 182 толық емес отбасы, 1449 қандастар, арнайы тұрғын үй жағдайлары бар, заңнамамен бекітілген тізімде көрсетілген ауыр сырқаттармен ауыратын 712 отбасы тұр.

Осы кезекте экологиялық апаттар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар - 182 отбасы, асыраушысы мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, адам өмірін құтқару және құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқандар - 125 отбасы, басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдарының 115 ардагері тұр", - деді ИИДМ өкілі.

Мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үй алуға (сатып алу құқығынсыз) қазақстандық азаматтардың тағы бірнеше санаты құқылы, деп толықтырды ведомство.

"Көпбалалы отбасылардың өз кезегі бар - мұнда 73 374 өтініш, жастар мен бюджеттік сала қызметкерлерінде - 209 073 өтініш, сондай-ақ тұрғын үйі апатты деп танылған тұрғындардан - 2908 өтініш тіркелген.

Пәтерлерді салу мен сатып алуға және жеке құрылыс салушыларға арналған бюджет осы төрт кезектің әрқайсысы бойынша бөлек бөлінеді. Сондай-ақ, бақылау да бөлек жүргізіледі", - деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ, жалдамалы тұрғын үй жұмыс істейтін жастар мен бюджет қызметкерлеріне де қарастырылады.

"2021 жылы қазақстандықтардың осы санаты үшін 3080 жалға берілетін пәтер құрылысына қаражат бөлінді. Шымкентте 900 пәтер, Алматыда 1130 пәтер, Нұр-Сұлтанда 3080 пәтер салынады", - деді ИИДМ өкілі.
02 тамыз 2021 ж. 707 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930