Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар жеңілдетілген ипотека алу үшін ажырасуда – «Отбасы банкі» басшысы

Қазақстандықтар жеңілдетілген ипотека алу үшін ажырасуда – «Отбасы банкі» басшысы

"Отбасы банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова толық емес отбасы санаты бойынша жеңілдетілген ипотекалық несие алу Қазақстандағы жалған ажырасулардың себептерінің бірі болып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма төрайымының сөзінше банк несие беру бойынша үш жылдық кезеңнің қорытындысына талдау жүргізген. Сараптамаға сәйкес толық емес отбасылар санаты соңғы төрт жылда ең жылдам қарқынмен өсіп келеді.
"2017 жылы Қазақстанда 54 626 ажырасу тіркелді. 2018 жылы олардың саны 54 797-ге дейін жетті. 2019 жылы ол бес мыңға артып, қазірдің өзінде 59 796-ға жетті. Ажырасу туралы арыз берудің қиындағанына байланысты коронавирус кезеңінде көрсеткіштің 48 мыңдай болғанын көруге болады. 2021 жылы қайтадан өсу байқалып, олардың саны 48 239 жеткен.
Біздің ойымызша, жалған ажырасудың бір себебі – адамдардың пәтер алу үшін ипотекалық несиеге кезекке тұрғысы келетіндігі. Өйткені "толық емес отбасы" бағыты бойынша қажетті құжатқа ажырасу туралы анықтама жеткілікті", – деді Ибрагимова.
Ол 23 қыркүйекте үкімет қаулысы аясында толық емес отбасыларға "Шаңырақ – 5-10-20" бағдарламасы бойынша несие беру ұсынысының қолдау тапқанын айтты.
"Балаларының дені сау, өздері жұмыс істейтін адамдар "Шаңырақ - 5-10-20" бағдарламасы бойынша кезекке тұрады. Айырмашылық тек сыйақы мөлшерлемесі бойынша. Бірақ деңгейге байланысты әрбір отбасына 30 мың теңгеден келеді", - деп қосты Ләззат Ибрагимова.
03 қазан 2022 ж. 381 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031