Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тірлігі түзу Тасарық

Тірлігі түзу Тасарық

Ауданда сәні мен салтанаты келіскен ауылдар көп. Соның бірі – Тасарық ауылдық округі. Газеттің өткен санынының бірінде ауылдағы ағайынға өмір сүруге қолайлы орта қалыптасырып, заман ағымынан бір елі қалмай, ілесе жүрген ауылдың жайын жазған едік. Дегенмен тірлігі толымды ауылды газеттің бір нөмірімен ғана бейленелеу аздық еткен секілді. Сол себепті газетсүйер қауымның назарына мерейі артқан ауыл жайында тағы бір мәрте жазуды жөн көрдік.
Биыл округте жаңалық көп. Оның алғашқысы округ орталығына жобасы дайындалып жатқан жаңа саябақ. Демалыс орны еңсесін тіктесе ауыл тұрғындарының төбесі көкке бір елі ғана жетпес еді.
Онан соң жаз маусымының бірінде «Жастар керуені» барысында алау басында берген уәде берген ауыл әкімі Әлмұхан Ерғалиұлы ауылға 4G интернет желісін орнатқан. Бүгінде тұрғындар игілігін көруде.
2021-2022 жылдары типтік емес үлгіде округтің орталық көшесінен саябақ жасалып, ағаш көшеттері отырғызылып, ауыл кіреберісіне жасыл белдеу ұйымдастырылды.
Ал ауылдың бас қақпасына сондағы 1983 жылы дүние есігін ашқан бірқатар жандар демеушілігімен арка салынған.
Одан бөлек, орталық көшеде демеушілердің көмегімен ауылда ғибадатхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының демеушілігімен мешіт жанынан 35х5 көлемінде асхана салынып берілді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші ,игі істе мұрындық болған ауыл азаматтары Айғабыл Қарлыбайұлы, Сұлтанхан Жарылқасынұлы, Мырзахан Тәжібайұлы, Ислам Сәрсенбайұлы, Мусабек Ізімғалиұлы, Ерболат Едігеұлы, Шынжырбай Әлқуатұлы, Асқар Нағашыбайұлы, Смамалхан Ерғалиұлы, Смалбек Жаңабайұлы, Райымбек Болатбекұлы пен Жанғабыл Қарлыбайұлы және Нұрболат Қаралпақұлына ауыл тұрғындары ерекше алғысын білдіреді.
Білім ордасына жарты ғасыр
Тасарық ауылындағы №238 орта мектептің тарихы тереңінен, яғни өткен ғасырдың 1970 жылнан басталады. Алғашында бастауыш мектеп болып ашылған білім ордасы 1973 жылы кеңейтіліп, жаңа ғимаратқа көшіп, №238 «Комунизм» сегіз жылдық мектебі болып жұмысын жалғастырған. Кейін білім саласындағы өзгерістерге орай 1995 жылы негізгі мектеп мәртебесіне ие болды.
Содан соң, 2000 жылдан бастап орта мектепке айналды. Араға он жыл салып, ауылға екі қабатты жаңа мектеп салынып пайдалануға берілді. Сол уақыттағы білім ордасының меңгерушісі Шобдар Ержанов алғашқы ұстаз болған. Сегіз жылдық мектептің директоры Ерғали Кәрібаев болып, мектеп жанынан шопан балаларына арналған 50 орындық интернат ашқан. Сол жылдары мектеп-интернаты бірнеше рет облыстық «Социалистік жарыстар жеңімпаздары», ауылдың «қызыл туын» жеңіп алған.
Қазіргі таңда №238 орта мектебінде 105 оқушы білім нәрімен сусындап жатыр. Тиісінше, 36 мұғалім ауыл балаларына тәлім-тәрбие беруде.
Айта кетейік, бүгінде мектеп басшысы Әлия Талғатбекқызының бастамасымен осы жылдың сәуір айындағы педагогикалық кеңес шешімімен, ауыл төріндегі мектеп тарихында елеулі үлес қосқан, сонымен бірге осы мектептің құрылуына өз еңбегін қосқан ардагер ұстаздардың атына арнайы кабинет атаулары берілді.
Атап айтсақ, ауыл советінің басқарма басшысы Бекқожа Бөлебаев. Ауыл мерейінін өсіре білген азаматтың атына музей ашылғалы жатыр.
Бұрынғы мектеп директоры және ауыл тізгінін ұстаған апталдай азамат Құттыбай Аханов. Ауыл көркін келтірген азаматтың құрметіне ардагерлер кабинетіне есімі берілді. Жоғарыда аталған әрбір кабинетке бұл азаматтардың есімін берудегі мақсат – ауылдың даму процесіне зор үлесін қосқан жандарды мәңгілік есте сақтау мен дәріптеу және насихаттау.
Басқа да жаңашыл бастамалар мен білім ордасының жетістіктерімен мектеп директоры бөлісті.
– «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың жаңа технологияларды игеруіне ықпал жасау негізінде мектебімізде жаңа химия кабинеті берілді. Мұнда жаңа технолгия және түрлі құрылғылармен жарақтандырылған. Кабинетті даярлау барысында Алматы шаһарындағы «МИР» компаниясы қызмет көрсеткен болатын.
Мектеп оқушыларының білім дәрежесіне келер болсақ, өте жоғары. Тәлім алушылар әр түрлі пәндік және ғылыми бағыттағы жарыстарға қатысып жүр. Өткен және биылғы оқу жылында көптеген жетістіктерге жеттік.
Жаңа 2022-2023 оқу жылында аудандық «Менің шағын Отаным» атты республикалық зияткерлік байқауының аудандық кезеңінде «Менің кіші отанымның тарихы» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Дильназ Сұраған ІІІ орынды иемденді.
Ал, «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Аружан Құттыбай Алғыс хатпен марапатталды.
Басқа да, «Яссауитану» халықаралық байқауының аудандық кезеңінде Аружан Құттыбай Алғыс хатпен марапатталды. Бұл оқушылардың жетекшілері тарих пәнінің мұғалімі Бақыткүл Бөлебаева.
Біз мұнымен тоқтамай, алға қойған-мақсат мұратымызға жету жолында әлі де аянбай еңбек етеміз, – дейді №238 орта мектеп директоры Әлия Талғатбекқызы.
Ауыл өнерпаздары мінберде
Сонау 1989 жылдан бері тұрғындар үшін ауылдық клуб аянбай еңбек етіп келеді. Ауылдың мәдениет ордасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімінің қаулысы бойынша 25 шілде 2014 жылы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылған. Содан бері клубта жоспарға сәйкес мәдени жұмыстар атқарылып келеді.
Қазіргі таңда «Тасарық ауылдық клубы» МКҚК-да клуб меңгерушісі, есепші, әдіскер, сүйемелдеуші, күзетші, үй сыпырушы жұмыс жасайды.
Бүгінде ауылдық клубта 4 үйірме жұмыс жасап келеді. Дәлірек айтсақ, ән, би, көркемсөз және қолөнер үйірмелері. Мұндағы жастардың өнерге деген сүйіспеншілігі артқан. Сол үшінде үйірмеге қатысушы саны – 42-ге жеткен. Бұл көрсеткіш аудан орталығынан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан аядай ауыл үшін жоғары дәрежеге жетуменен тең.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші жас таланттарды тауып, олардың өнерін халыққа таныстыру, жасөспірімдерді отансүйгіштікке баулу, ұлттық өнер мен салт-дәстүрімізді насихаттау, мемлекеттік тіл мен жастар саясаты және отбасы гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес 9 ай бойынша 29 мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізілген. Тиісінше өткен шараға ауыл тұрғындарының барлығы дерлік қатысқан. Мұнда карантин шағында туындаған қиындықтарға байланысты онлайн шаралар өткізу де қолға алынған. Биыл сондай онлайн 4 шара өткен.
– Тасарық ауылдық клубы ағымдағы жылдың қазан айының 18-і жұлдызына «Балалар жылы» аясында «Мен қазақпын» атты балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілетін аудандық патироттық ән байқауын жоспарлап отырмыз.
Мұнда өнерпаздар жыл басынан бері аудандық, облыстық, республикалық барлығы 16 байқауға қатысып, барлығында дерлік мінберден көрінді.
Биыл жазба ақындар мүшәйсынан жақсы нәтиже көрсете білдік. Атап айтар болсақ, Майлыбас ауылдық округі әкімі аппаратының «Ақсуат ауылдық клубы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен, Қазақстан және Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай өткізілген «Аққан жұлдыз» атты аудандық ақындар мүшәйрасына Тасарық ауылынан Меруерт Қарлыбай қатысып, ІІ орынды еншіледі.
Жақында «5 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күні» мерекесі аясында, қазақ тіл білімі мен әдебиетттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттың ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай аудандық «Қазақ тілі» қоғамы және Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Өлең – сөздің патшасы» атты жазба ақындар байқауына, №238 орта мектептің мұғалімі Ізбасар Әділет Жақсылықұлы қатысып, ІІІ орынға ие болды.
Міне Тасарық ауылының биылғы жеткен бірқатар жетістіктері осы. Алдағы уақытта ауыл жастарының уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген іс-шараларды қолға алып, ауқымды концерттік кеш, бағдарламарды өткізуді мақсат етіп отырмыз, – дейді Тасарық ауылдық клубының меңгерушісі Зәуре Бекқожақызы.

Серік АҚМЫРЗА
24 қыркүйек 2022 ж. 400 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031