Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасиет қонған Тасарық

Қасиет қонған Тасарық

Ауданда келбеті көркейіп, ажары артқан ауылдар көп. Олардың әрқайсысының шежіресі мен даму тарихы тереңде. Оның ішінде өзіндік тұрмыс-тіршілігі және мәдениетімен ерекшеленетін Тасарық ауылдық округі де бар.
Тасарық ауылы алғаш КСРО-ның шағында 1966 жылы Бөзкөл совхозына қарасты №1 ферма ретінде құрылды. Ел егемендігін алғаннан кейін де ферма өз жұмысын жалғастырып тұрды. Оны әр жылдары елге еңбегі сіңген азаматтар басқарып келді.
1997 жылы ел тоқырауға ұшырағанда, 33 мың басқа дейін қой өсірген ферма жұмысы тоқтап, Бөзкол ауылдық округіне қарасты «Тасарық» шаруа қожалығы деп қайта жаңғырды. Қожалық 2002 жылы жұмысын тоқтатып, 2005 жылы Тасарық, Бөзкөл ауылдық округінен Лақалы, Тасөткел елдімекендерімен бірге бөлініп, өз алдына ауылдық округ болып құрылды.
Жалпы ауылдық округ бойынша 864 тұрғын болса, барлығы 164 отбасы тұрады. Оның ішінде, экономикалық белсенді халық саны 362, зейнеткерлер саны 59, тылда жұмыс жасағандар 3, батыр аналар 15, көп балалы аналар 54, мектеп жасындағы балалар 193, мектепке дейінгі балалар саны 116 және әртүрлі топтағы мүгедектер саны 21 жан мекендеп жатыр.

Жаһандық даму жолында
Округ болып құрылған жылдан бастап аумақ инфрақұрылымының аяқ алысына көз ілесе алмады. Дамудың алғашқы қадамының бірі – үш ауылға электр жарығының тартылуы болды. Жарық қуатының келуімен округтің тыныс-тіршілігі жаңа бағытқа ауысып, тұрғындар түрлі тұрмыстық техникалар сатып алып, тіршілігін жеңілдетті. Тіпті, азық-түлік дүкеніндегі сақталуы қиын тауар түрлері көбейіп, өзге де тұрғындарға кәсіпкерлік жолын ашты.
2006-2007 жылдары Тасарық, Лақалы ауылдарына қара жәшіктің жаңалық жаршысына айналған ұлттық қос арнаны көрсететін мұнара орнатылып, халық игілігіне берілді.
2008 жылы округке «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Қазалы аудандық бөлімшесі тарапынан радиотолқынды, сымсыз үй телефоны орнатылып, алыс-жақын елді-мекендермен, тіпті елдің кез келген қалаларымен байланыс орнату мүмкіндігі туды.
Содан соң, жыл санап дамыған ауылда бұрын соңды қос арна болса, 2010 жылы «Отау ТВ» спутникті арналары қосылып ондаған телеарналар қосылды. Ал бүгінде округ бойынша 111 отбасы спутникті арналар игілігін көруде.
– Ауылға 2013-2014 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ Қазалы аудандық бөлімшесі ауыл халқын сымсыз интернетпен қамтамасыз етіп, әрбір үйге Wi-fi қондырғыларын орнатылды. Бұл өзгеріс әсіресе білім ошағындағы жандардың талмай еңбек пен ізденістегі жұмыстарының жеңілдеуіне септігін тигізді. Одан кейін, көп ұзамай округ орталығына «Beeline» ұялы байланыс желісін тарату антеннасы орнатылып, бүгінде Тасарық пен Тасөткел және Лақалы ауылдары игілігін көріп отыр.
2019 жылы округ орталығы Тасарық ауылына талшықты интернет жүргізіліп, онымен әлеуметтік маңызды нысандар ауылдық округі әкімі аппараты мен №238 орта мектеп және амбулаториялық пункт қамтылды. Жоғары жылдамдықтағы интернет желісі алдағы жылда үш елді мекендегі әрбір үйіге қосу жоспарлап отырмыз. Осылайша ауыл тұрғынларының өтінішін қанағаттандырмақпыз.
Өткен жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Лақалы елді мекенінде «Актив» ұялы байланыс желісі орнатылып, қазіргі таңда лақалылықтар 3G мобильді интернтті пайдаланып, еш кедергісіз байланыс жасай алатын дәрежеге жетті, – дейді округ әкімі Әлмұхан Ерғалиұлы.
Аудандық «Казпочта» байланыс торабына қарасты ауылдық почта бөлімшесі тұрғындарға газет-журналдарды уақытылы таратумен қатар, зейнеткерлер мен мүгедектердің және көп балалы аналардың зейнетақы мен жәрдемақылары дер кезінде мекен жайларына жеткізе алатындай дәрежеге жеткен.

Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейген
Округ аудан орталығынан шалғайда орналасса да жан-жақты сабақтастығы үзілмей, экономикалық тұрғыда алға қарыштауда. Соның бір көрінісі ауылдағы кәсіпкерлік саланың өсуі. 2005 жылы Тасарық алғаш округ болып құрылған жылдары ешқандай кәсіпкерлік субъектілері тіркелмеген еді. Қазіргі таңда, округ бойынша әртүлі қызметпен айналсатын 32 жеке кәсіпкерлік және 7 шаруа қожалығы бар. Оның барлығы халыққа және өз-өзіне қызмет көрсетуде. Шаруа қожалықтарының 6-уы «Мақсатбай», «Жасұлан», «Бекқожа», «Рысбаева Манат», «Жақсы Несібе», «Сарым» шару қожалықтары мал басын көбейтумен айналысса, ал «Жанқылыш» шаруа қожалығы тоған ашып балық өсіріп, оны өңдеумен айналысады.
Басқа да 32 кәсіпкердің 3-уі жолаушылар тасымалдауы, 7-уі азық-түлік сату, 2-уі балық аулау ісімен айналысса, қалған 20-сы мал өсірумен айналысады.
Кәсіпкерлердің көбісі мемлекет қабылдаған бағдарламардың арқасында кәсіптерін дөңгелетіп отыр. 2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» екінші бағыты бойынша, 18 жасқа толмаған 4 және оданда көп баласы бар 3 азамат 555 600 теңгеден қайтарымсыз грантқа ие болды.
Ал 1 азамат «Сырдария» өңірлік инвестициялық орталығы, микроқаржылық ұйымы ЖШС-нен 10 млн теңге несие алып, ірі қара малын өсіру үшін бинзес жобасын қорғап, құжаттарын өткізіп, қаржысын күтуде.
Осылайша Тасарық ауылдық округі мал басын көбейту мен ауылшаруашылығынан қалыс қалмаған. Бүгінде мұнда қара саны 1561 болса, уақ малы – 2850, жылқы саны– 1357, түйе – 6 және құс саны – 100. Барлық мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізіліп, тиісті құжаттары да жасалған.
Оның ішінде, мүйізді ірі қара – 64, уақ мал – 40, ал жылқы – 32. Ауылда бірнеше шаруа қожалықтардың болуы да шарт. «Мақсатбаев» шаруа қожалығында мүйізді ірі қара – 35, жылқы саны – 28-ге жеткен. Ал «Бекқожа» шаруа қожалығында мүйізді ірі қара – 104 болса, жылқы – 64-ті құрайды. Басқа да «Жасұлан» мен «Сарым» шаруа қожалықтарында 10 бас жылқы бар.
Ағымдағы жылда Тасарық ауылдық округі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспары жасалып, тиісінше жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, тұрғындар иелігіндегі барлық мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізілген. Биылғы төлдер толық сырғаланып, жұқпалы індеттерге қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

Жыл санап көркейіп келеді
Биыл наурыз айынан бастап ауылдық округі бойынша көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Округке қарасты үш елді мекен бойынша барлық қызметкерлері ауыл тазалығын назарда ұстап, сенбілік жұмысына да баса мән беруде.
Қазақтың «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілін ұстанып округ бойынша «Ағаш отырғызу» акциясы ұймдастырылған. Онда мекеме мен кәсіпорындар өз ауласына ағаш көшеттері мен қаламшалар отырғызды. Тұрғындар арасында да «Әр үйден бір тал» атты челенджі ұймдастырылып, сол үні тұрғындардың барлығы дерлік аулалсына бір ағаш көшеттерінен отырғызды.
Тасарық ауылының кіреберісіндегі, жолдың екі жағындағы «Жасыл белдеу аймағы» бойынша қоршалған бақ, орналасқан жерінің қолайсыздығына байлансты, құнарлы жерге көшіріліген. Қазіргі таңда 200 түп тал көшеттері отырғызылып, күтімге алынды. Лақалы ауылындағы Социалистік еңбек ері – Кәрібоз Әлимаевтың атындағы бақты жердің құнарсыздығына байланысты ыңғайлы жерге көшіру мақсатында жұмыстар да жүргізілуде.
Туған жерден түлеген азаматтар ауылдың кіреберісіне арка тарту еткен. Бұл үрдіс Лақалы ауылында да жалғасын табуда.
Алдағы уақытта қауырсын құбырларды жер астымен жүргізу арқылы ауылды аяқ сумен қамтамасыз ету мәселесі жоспарға қойылған. Биылғы жылы Тасарық ауылының орталық көшесін аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен қаржы қаралып, бүгінде мемлекеттік сатып алу заңы аясында порталға жарияланды. Жоспар іске асқан жағдайда, Лақалы мен Тасөткел елдімекендеріне аяқ су құбырын жүргізу жұмыстары қолға алынатын болады.
Ауылдық бюджет есебінен Тасарық ауылының орталығына жастар саябағын орнату жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы ауыл жастары бірігіп, саябақ алдына «TUGAN OLKEM TASARYK» монументі орнатқан. Ағымдағы жылда Лақалы ауылы тұрғындарының ұйымдастуымен онда «Туған жерім Лақалы» монументі орнатылды.
Көшелерді жарықтандыру мәселесі де шешімін табуда. Тасарық ауылында – 2, Лақалы ауылында – 2 көше түнгі жарық шамдармен қамтамасыз етілген.

Серік АҚМЫРЗА
09 шілде 2022 ж. 987 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930