Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда күнкөріс минимумы өсті

Қазақстанда күнкөріс минимумы өсті

Қазақстанда 2026 жылдың III тоқсанында жан басына шаққандағы күнкөріс минимумы 72 791 теңгені құрады. 2025 жылдың III тоқсанында көрсеткіш 60 878 теңге болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сурет: istockphoto.com
2026 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда күнкөріс минимумы 7,7%-ға өсіп, 67 618 теңгеден 72 791 теңгеге жетті. Жас ерекшеліктері бойынша 0-13 жастағы балалар үшін күнкөріс минимумы 61 400 теңге болды.
Еңбекке қабілетті жастағы ер адамдар үшін күнкөріс минимумы 86 013 теңгені, әйелдер үшін 68 258 теңгені құрады. Зейнеткерлер мен егде жастағы адамдар бойынша көрсеткіш 67 732 теңге болды.
Жылдық динамикада барлық әлеуметтік-демографиялық топ бойынша өсім тіркелген. Ең жоғары өсім 14-17 жастағы ұлдар мен зейнеткерлер және егде жастағы адамдар арасында байқалып, 20,1%-ды құрады.
Айта кетейік, көрсеткіштің тоқсан сайынғы өзгеруі ең төменгі тұтыну себетінің құнына байланысты қалыптасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін CEOWORLD Magazine халықаралық іскерлік журналы әлемнің 197 орташа айлық жалақы көлеміне арналған рейтингін жариялаған еді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға шықты.


30 қыркүйек 2026 ж. 36 0

30 қыркүйекке валюта бағамы

30 қыркүйек 2026 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930