Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, үсік: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Жаңбыр, үсік: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Елдің оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, ал бірқатар өңірде түнде үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +27 градусқа дейін көтеріледі
Жаңбыр, үсік: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда 30 қыркүйекте күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Алайда елдің оңтүстігі мен батысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде жекелеген қалаларда ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендесе, күндіз +27 градусқа дейін көтеріледі,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 °C, күндіз +19...+21 °C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11 °C, күндіз +22...+24 °C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 °C, күндіз +22...+24 °C.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +18...+20 °C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты. Түнде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13...+15 °C, күндіз +24...+26 °C.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10 °C, күндіз +23...+25 °C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7...+9 °C, күндіз +17...+19 °C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +19...+21 °C болады. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Көкшетауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +18...+20 °C. Топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10 °C, күндіз +23...+25 °C.
Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +20...+22 °C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12 °C, күндіз +23...+25 °C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +18...+20 °C болады. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Петропавлда күн ала бұлтты. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +2...+7 °C, күндіз +19...+21 °C. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +18...+20 °C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +25...+27 °C.
Таразда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+12 °C, күндіз +21...+23 °C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 °C, күндіз +22...+24 °C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +19...+21 °C.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2...+4 °C, күндіз +17...+19 °C болады. Топырақ бетінде 4 градусқа дейін үсік жүреді.



30 қыркүйек 2026 ж. 25 0

30 қыркүйекке валюта бағамы

30 қыркүйек 2026 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930