Доллар 30 қыркүйекте тағы арзандады: ресми бағам

Ұлттық банк 30 қыркүйекке арналған ресми валюта бағамын жария етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
29 қыркүйектегі күндізгі сауда нәтижелері бойынша доллар 439,37 теңге, еуро 498,60 теңге, рубль 5,22 теңге деңгейінде бекітілді.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, елордадағы айырбастау пункттерінде долларды 434,85 теңгеден сатып алып, 441,85 теңгеден сатуға болады. Еуроны сатып алу – 495,01 теңге, сату – 505,01 теңге. Рубль 4,91-5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алматыда доллар 437,43 теңгеден сатып алынып, 439,94 теңгеден сатылуда. Еуро 498,07-502,70 теңге, рубль 4,95-5,07 теңге диапазонында сатып алынады.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте доллардың орташа бағамы 444,88 теңгеге дейін төмендеген еді.









