Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен ТМД елдері қылмыскерлерді іздеу үшін ақпаратты электронды түрде алмасады

Қазақстан мен ТМД елдері қылмыскерлерді іздеу үшін ақпаратты электронды түрде алмасады

istockphoto.com
Құрылтай «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады.
Хаттамаға тараптар 2024 жылғы 8 қазанда Мәскеу қаласында қол қойған.
Ұсынылып отырған өзгерістер бойынша, ТМД елдерінің құзыретті органдары арасында электрондық форматта ақпарат алмасу бекітіледі. Бұл қылмыскерлерді іздестіру және олардың жүрген жерін анықтау жөніндегі бірлескен шаралардың жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында сот шешімдерін орындаудан жалтарып жүрген адамдар, хабар-ошарсыз кеткендер, сондай-ақ туыстарымен байланысын жоғалтқан немесе өзі туралы мәліметтерді хабарлай алмайтын азаматтар бар.
Хаттаманы ратификациялау іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде электрондық форматта ақпарат алмасудың құқықтық негізін қалыптастыруға жол ашады.

30 қыркүйек 2026 ж. 133 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031