Замана игілігі – зияткерлер үшін

Біраз уақыт бұрын жарияланған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес, «Оқу әлемі» компаниясы №238, 258, 134, 97 мектептерге физика, химия және биология оқу кабинеттерін жасақтап берді. Мердігер компания оқу ордаларына жаңа интерактивті жабдықтарды, атап айтсақ, Ұлыбританияның үздік құрылғысы «Promethean» панелдерін, венгриялық бренд саналатын «MOZAIK»-тың заманауи бағдарламасымен қамтыған. Енді бірер күннен кейін мердігер мамандары жаңа кабинетке бекітілген ұстаздарды озық технология игілігін пайдалануды, құрылғылардың оқу процесін жетілдіретін, жеңілдететін мүмкіндіктерін үйретуді бастайды.
– Аудандағы білім беру ұйымдарының техникалық базасын нығайту күн тәртібінен түспейтін мәселе. Соған сай, №238 мектепке химия, №97 білім ордасына физика және №134 пен №258 мектепке биология кабинетін жасақтадық. Түрлі дайын және ылғал препараттар, микроскоп, биологиялық зертхана қорабы, Activ panel, моноблок, зертхана столдары, химиялық приборлар, реактивтер, сонымен қатар Mozabook, RolesSteam программалары оқушыларға берілетін білімнің сапасын арттырады. Оқу-ағарту министрлігі пәндік кабинеттерді жетілдіруге білек сыбана кіріскенін ескерсек, алдағы уақытта замана игілігін басқа да мектептерге жеткізуге күш саламыз, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов.
Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ