Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жазғы мектептердің жұмысы аяқталды

Қазақстанда жазғы мектептердің жұмысы аяқталды

Қазақстанда балалардың жазғы мектептегі оқуы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жазғы мектептерде 2 миллионға жуық бала қосымша білім алды. Олардың жұмысы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылған болатын. Жазғы мектеп оқушылар біліміндегі олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Оған 9, 11-сынып оқушыларынан басқа барлық оқушы ерікті түрде қатысты. «3,6 млн оқушының 2 миллионға жуығы жазғы мектепте білім алды. Балалар мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша 38 мыңнан астам оқушыға жеке пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Балаларды ынталандыру мақсатында сабақ стандартты формада емес, бағалаусыз өткенін де атап өткен жөн. Оқу кестесіне музейлерге саяхат, экскурсиялар, іскерлік ойындар, шеберлік сабақтар, фильмдер мен мультфильмдерді талқылау кірді. Кітап клубтары, дискуссиялар, стратегиялық сессиялар, дебаттар және басқа да форматта сабақтар ұйымдастырылды. Жазғы мектептің қорытындысы бойынша ата-аналардың оң пікірлерін алдық», – деп айтты Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова. Оқушылар сабақтарға дүйсенбіден жұмаға дейін қатысты. Оқу математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, физика, химия және тағы басқа негізгі пәндер бойынша өтті. Айта кетейік, жазғы мектеп аяқталған соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шығады. Бұған дейін педагогтердің демалысы 42-ден 56 күнге дейін ұзартылған болатын.

17 маусым 2022 ж. 387 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 71

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 72

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 70

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 65

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930