Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылдан бастап 4 пән ағылшын тілінде оқытылады

Келесі жылдан бастап 4 пән ағылшын тілінде оқытылады

2019 жылдан бастап 10 және 11-сыныптар физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқиды.
Қазақ тілі мемлекеттік, орыс тілі – ұлтаралық қатынас ал ағылшын тілі жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде қолданылуы қажет. Сондықтан да мұғалімдер оқушыларға тілді үйретудің жаңа әдісін үйренуге міндетті. Осы бағыттағы жұмыстар Оңтүстік Қазақстанда басталып та кеткен. Шымкентте Тілдерді дамыту орталығының мұрындық болуымен "Тілдерді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация" тақырыбындағы семинар тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды TVK арнасы.
Елбасының тапсырмасы бойынша енді екі жылдан кейін мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесі 95% —ға, ал орыс тілді меңгергендер 90 пайызға, ағылшын тілін білетіндер 20 пайызға жетуі қажет. Сабақты ағылшын тілінде жүргізуге қатты талпыныс жасалып, еліміздің 153 мектебінде физика, химия, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде үйретілуде.
Семинарда үш тілді меңгерудің маңызы және оқушылардың тілдік ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар бұл шара ұстаздар арасында тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік дейді. Оқушының функционалдық қабілетін арттыруды көздеген жиында мұғалімдер тілді үйретудің оңтайлы тәсілдерімен танысты.
"Мен семинар тренингке Ленгерден келіп отырмын. Жаңа методика мен білім беру жүйесіндегі әдісті үйренгім келеді. Негізгі келуімнің мақсаты да осы. Осындай шараға алғаш қатысуым. Нәтиже болады деген үміттемін", — дейді мұғалім Анастасия Чаликова.
Статистикаға жүгінсек, Қазақстан оқушыларды бастауыш біліммен қамту жөнінен әлемде 4-ші орынға көтеріліпті. Бұл өткен жылдың қорытындысы. Сондай-ақ, жалпы білім беру бойынша 44-тен 35-ші орынға жоғарылаған.
Келер жылдан бастап мектептерде 4 пән ағылшынша оқытылады. Ал 2020 жылы елімізде нөлінші сынып пайда болады. Олар тек латын қарпімен оқиды. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрі мәлімдеді. Жоспар бойынша 2019 жылдан бастап 10-шы және 11-сыныптар физика, химия, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайды. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде.
20 ақпан 2018 ж. 1 893 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930