Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділхан Жөлекешов: Жаңа оқу жылында жағымды жаңалық көп

Әділхан Жөлекешов: Жаңа оқу жылында жағымды жаңалық көп

«Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз», – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте әрбір өңірдегі білім беру ұйымдарының атқарар рөлі зор. Жаңа оқу жылы қарсаңында ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекшовпен сұхбаттасып, алдағы науқанға дайындықтың аяқ алысы қалай екендігін білдік.
– Әділхан Оңдасынұлы, жаңа оқу жылы құтты болсын, дайындық барысы қалай?
– Рақмет, алдымен барша ұстаздар мен оқушылар қауымын мерекемен құттықтаймын. Өткен жылы жасалған жұмыс аз емес, бірақ алда атқарылатын іс одан да көп. Біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау – жаңа Қазақстанның басты құндылығына айналды. Білім берудің әрбір деңгейі бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр.
2022-2023 оқу жылының басты ерекшелігі оқушылардың оқу жүктемесін азайту оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды. Бір күнтізбелік жылда 117 демалыс, 75 демалыс және мереке күні бар. Оқу 173 күн болса, мектептерде білім алушылар үшін 192 күн демалады.
Биылдан бастап 1 сыныптарда мынадай өзгерістер енгізілді. «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады. «Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндері оқытылмайды. «Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» болып екі пәнге бөлінді. Орыс сыныптарында «Қазақ тілі», «Букварь» және «Обучение грамоте» пәндері оқытылады. Бұнда да «Шет тілі» пәні алынып тасталды. «Көркем еңбек пәні екіге бөлінді.
Ауылдық және қалалық жердің оқушыларын білім беру ұйымдарында екі топқа бөліп оқыту теңестірілді. Сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады. Ескеретін жайт, «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 1-сыныпта сынып екі топқа бөлінбейді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу қазақ тілінде оқытпайтын барлық сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте жаратылыстану-математикалық бағыттағы 5-9-сыныптар мен 10-11-сыныптарда апталық сағаттық жүктеменің өзгеруімен топтарға бөлу сақталған. Мектептер оқу тіліне қарамастан, мектептен тыс және жалпы мектепішілік ісшараларды негізінен қазақ тілінде ұйымдастырады.
– «Білім беру мекемелері 5 күндік жұмыс форматына көшеді» деген жаңалық қаншалықты шындыққа жанасады?
– Бұл рас ақпарат. Оқушылардың оқу жүктемесінің азаюына байланысты 5 күндік жұмыс форматына көшеді. Жаңа оқу жылында 37 жалпы білім беретін, 2 мектептен тыс мекеменің 16769 астам оқушысы және 50 мектепке дейінгі мекеменің 1897 баласы аталған форматқа көшеді.
– Шәкірттерге сапалы білім беру үшін мектептерде қолайлы жағдай жасалған деп айта аласыз ба?
– Біздегі жаңа модификациялық кабинеттер саны 177. 2022 жылдың жоспарына сәйкес 3 физика, 2 химия, 3 биология пән кабинеттерін 64618,7 теңгеге жабдықтау жоспарлануда. 16 мектеп интернетке қосылған, 10 мектепке орнату қажет. №78,№146,№259,№134 мектептердегі интернет жылдамдығын арттыруға жұмыстар жүргізілуде. Осы жылы 2,5,7 сыныптар 100 пайыз оқулықпен қамтылды. 19 мектепке турникет, 13 мектепке дабыл қондырғысы орнатылды. 9 мектеп орталықтандырылған бейнебақылау жүйесіне қосылды.
– Биыл бөлім тарапынан балалардың жазғы демалысын көңілді өткізулеріне қандай мүмкіндіктер қарастырылды?
– Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде 3829, Қапшағайда 14, Көкшетауда 16 бала, Шымкентте 24 бала тынықты. «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орнында 326 бала демалды.
– Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында қанша балаға қамқорлық таныта алдыңыздар?
– Аталған акциясы аясында аудан активтері, мектеп басшылары, кәсіпкерлер 605 балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын алып берді. Жалпыға міндетті оқу қорынан 3243 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. 334 балаға мектеп формасы, аяқ киім, оқуға қажетті құралдар алынып берілді. Әлеуметтік топтағы 1728 оқушыға қыстық киім, 1334 оқушыға оқуға қажетті құралдар таратылды.
– Мектептің жүрегі – ұстаз. Шәкірттерді шыңдап, білім биігіне көтеруге күш салып жүрген мұғалімдердің мерейін үстем ету барысында атқарылып жатқан игілікті істерге тоқталсаңыз.
– Аудан бойынша 2518 педагог қызмет етеді. Олардың 2407-сі жоғары білімді педагог, 111-і техникалық және кәсіптік білімді педагог, 63-і магистр мұғалім. Сондай-ақ 1 педагог-шебер, 371 педагог-зерттеуші, 847 педагог-сарапшы, 614 педагог-модератор, 45 жоғары санатты педагог, 161 І санатты және 221 ІІ санатты педагог бар.
Жаңа оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған мұғалімдері бюджет қаражаты есебінен бір жолғы сыйақымен ынталандырылады. Мұғалімдер екі және одан да көп жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған кезде әрбір жеңімпаз мен жүлдегерге біржолғы сыйақы төленеді деген бұйрық биыл 21 тамыздан бастап күшіне енді.
Осы жылдың ерекшелігі – «Өрлеу» ұлттық біліктілік артыру орталығы педагогтарға арналған пәндік кұзіреттіліктерді дамыту курстарын ұйымдастыруда. Жаңа білім беру бағдарламалары педагогтердің сұранысын толықтай қанағаттандырады, онда пәнді тереңдетіп оқытуда кездесетін күрделі тақырыптардың тізбесі жасақталған. Біліктілікті арттыру аясында тыңдаушыларға қажетті білім жүйесін жеткізудің негізгі мүмкіндіктері ретінде сабақтарда көбіне семинар, тренинг, демо-сабақтар, шеберлік сабақтарын өткізуге басымдық беріледі. Тағы бір ерекшелігі, «кіру» және «шығу» сынама тесттерін орындап, 50 пайыздан артық жинаған педагогтар сертификат алады.
– «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» дейді белгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби. Бұл ретте сіздердің тараптан қандай істер атқарылуда?
– Тәрбие мен білім қашаннан қатар жүреді. Мәселен 1-11 сыныптарда 2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сынып сағаты, ашық сабақ өткізіледі.
2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын, Роза Бағланованың 100 жылдығын, Қазыбек бидің 355 жылдығын, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығын, сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге және дайындауға ерекше назар аудару қажет. Бұдан бөлек жылдық жоспарға сәйкес түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен тәрбие сағаттары ұдайы ұйымдастырылып отырады.
– Сұхбатыңызға рақмет. Жаңа оқу жылы табысты болсын.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
27 тамыз 2022 ж. 3 769 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031