Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жетістікке жетелесін

Жаңа жетістікке жетелесін

Құрметті ұстаздар!
Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Оқушылар мен ұстаздар жаңа оқу жылын жаңа талаптармен бастағалы отыр. Яғни жұқпалы індеттің алдын алу, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірінші оқу тоқсаны қашықтан өткізіледі.
Дегенмен еңбектің ең үлкені – білім екендігі белгілі. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі еліміздің болашағы да білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан біздің елімізде осы саланың жандануына ерекше көңіл бөлініп келеді.
Жыл сайын заманауи үлгідегі мектептер мен балабақшалар тұрғызылып, оқу-тәрбие мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мұны біздің аудан өмірінен де көруге болады.
Ұстаздар мүддесі мемлекет назарынан ешқашан тыс қалған емес. Әрдайым қамқорлығына бөлеп, үнемі жағдай жасаумен келеді. Оған нақты дәлел ретінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңды айтсақ болады. Бұл ұстаздар қауымына көрсетілген үлкен құрмет деп білемін.
Қадірлі ұстаздар!
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін!
Қиын да күрделі қызметте жүрген ұстаздар қауымының дендеріне саулық, ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі міндеттерін мінсіз, абыройлы атқаруларына тілектестігімді білдіремін.
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
29 тамыз 2020 ж. 720 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031