Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкі таққанның бағы бар

Үкі таққанның бағы бар

Қазақ халқы бірнеше құсты «киелі» деп, ерекше қастерлеген. Соның ішінде бүркітті «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтса, қарлығашты адамның жанашыры, қамқор боп жүрер адал құс дейді. Ол ежелден-ақ адамзаттың айнымас серігіне айналған, бұны «қарлығаштай қанатымен су сепкен» деген теңеуден байқауға болады. Десек те, «киелі», «қасиетті» деген құрметті иеленген құстардың ішінде үкінің қауырсынын қазақ шаңырағынан көп кездестіре аламыз. Бесікке, төрге, домбыраға, бөрікке, жаңа түскен келіннің орамалына, жастардың оңаша отау шымылдығына қадалған үкі қауырсынын көзіңіз шалады.
«Қазақ энциклопедиясында» үкі тағу салты туралы айтылады. Бұл – қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. Қыз бен жігіттің көңіл күйін орнықтыратын бұл ғұрып халқымызда «қарғыбауын» деп те аталады. Жаушыдан жақсы хабар алған соң, жігіттің ата-анасы болашақ келінінің үкісін арнаулы әзірленген үкілі тақия, білезік сырға, бір киер бағалы киім алып, құдаларына асыл кезмеден киіт әзірлеп, қарғыбауға байлайтын бір атын жетектеп, жаңа құданың үйіне барып, «үкі тағу» салтын өткізеді.
– Соңғы уақытта ұзатылғалы жатқан бойжеткендер әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы қуаныштарымен бөлісіп, «сырғалы, үкілі қыз» атандым деп суреттерін жариялап жатады. Біз өз кезегімізде құда түсу рәсімінде орындалатын сол «үкі тағу» рәсімінің астарына үңіліп көрдік. Ықылым заманнан бері келе жатқан сол дәстүрдің қазақ отбасыларында қайтадан жанданғаны көңіл қуантады, – дейді Алтынай Алпамысқызы.
Үкінің қауырсынын алу үшін оны өлтірмейді. Өлтірген адамды киесі ұрады деген түсінік бар. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя берген. Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан «олжа алу» салты да болған. Ал көз тиіп, сұқ қадалмасын деген ниетпен көпшілік алдына шығатын әншілер, бишілердің бөркіне, камзолына, бесікке, домбыраға үкі таққан.

Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА

27 тамыз 2022 ж. 1 476 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 155

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031