Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сый беру де салты ғой бұрынғының

Сый беру де салты ғой бұрынғының

“Сыйға – сый” деген ұстанымға бұрынғылар ерекше мән берген. Сыйлық беру арқылы туған-туысқанның арасын жақындатып, сыйластығын арттырып отырған. “Бай мен бай құда болса, арасында жорға жүреді, шаруа мен шаруа құда болса, арасында дорба жүреді” деген сөз де тарту-таралғының маңызын айшықтап берсе керек.
Дәстүрімізде ел сыйлаған, танымал тұлғаға берілетін сыйлықты – тарту, көпшілікке сыяпат үлестіру – таралғы деп айтылады. Ұлтымызда “Енші беру”, “жасау беру”, “бәсіре атау”, “күміс салу”, “кимешек кигізу”, “бәйге тігу”, “ат мінгізу”, “шапан жабу”, “селт еткізер”, “үш тоғыз” және тағы да басқа көптеген сыйлық түрі бар.
Мәселен, еншіні ата-ана балалары ер жеткенде беретін болған. “Енші” сөзі көне түрік тіліндегі “инчу” яғни, “мұра” деген мағынаны білдіреді. Оны жас жұбайлар жеке отауға бөлініп шыққанда жинап-терген дүниенің бір бөлігін берген. Егер үйленген азаматтың отбасы ауқатсыз болса, жағдайы бүтін туысқандары өзара бірлесіп, отау болуына көмектескен. Содан болар қазақ халқында жас отбасының баспанасыз қалған кездері өте сирек кездескен.
Ата-анасының қызына ұзату тойында беретін жасауы бар. Оны “көрпе-төсегі”, кейбір жерде “сандығы” деп те атайды. “Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді, алты жастан жинасаң асады” демекші, қыздың ата-анасы шама-шарқына, әл-ауқатына қарай дайындайды. Ол жат жерге келін болып түскен қыздың тұрмыстық қажетін өтеп қана қоймай, барған жерінде абыройлы болуына да септігін тигізеді. “Жасауы көп келіннің күйеуі жуас” деген мәтел осыған байланысты айтылған.
Ал той томалақта жасалатын дәстүрлі кәденің бірі – киіт кигізу деп аталады. Онда жігіттің ата-анасы құдаларына бағалы киімдер кигізіп, алтын-күміс әшекейлер сыйлайды. Қыздың анасы құдағиына арнайы соққызған екі саусаққа қатар киілетін “қос балдақты” құдағи жүзікті тарту етеді.
“Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды” деген. Елдің кейбір өңірінде қызға қалыңмал сұралмайды. Дегенмен кит кигізу дәстүрі барлық жерде бар.
Бала ата-анасына ілесіп жұмыс басында қолғабысын тигізіп жүргенін көргенде, ел-жұрт «жігіт болыпты», «қажетке жарапты» деп құттықтап танабау тағады. Оған тана, шыт, парша-парат, ақша, тағы да басқа заттар сыйлыққа беріледі. Жиналғандарды баланың ата-анасы шақырып қонақ етеді, мұны «танабау тағу» деп атайды.
Тұрмысқа шыққан қыздың “қызыл ормаларын” сіңлілеріне аманат етуін шырға салу дейді. Ол “менің жолымды берсін, ендігі той сенікі болсын” деген ырыммен беріледі. Қазір бұл салт кішкене өзгеріске түсіп, ұзатылып бара жатқан қыздар құрбылары мен сіңлілеріне үкі таратып беруді дәстүрге айналдырды.
Сонымен қатар жас келіншек ауылға қыдырып барғанда, үлкен әжелер оған «итаяғыңа сал» деп күміс сақина, жүзік сияқты заттар сыйлайтын болған. «Итаяқ» – баланың алғашқы шаранасын жуатын ыдыс. Ыдысқа күміс сақина, жүзік салынып, нәрестені шомылдырып болған соң ырым етіліп, сол жерде келген әйелдерге таратылады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 тамыз 2020 ж. 1 750 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031